ТОО "Мобайл Телеком-Сервис" (Объединенная Компания Tele2/ALTEL)
4

Оценка компании соискателями

80%

Кәсібилілік

80%

Сыпайылық

80%

Кері байланыстың жылдамдығы

80%

Тартымдылық индексі

ТОО "Мобайл Телеком-Сервис" (Объединенная Компания Tele2/ALTEL)


Біріккен компания Tele2 және ALTEL


Мүмкіндітер аймағы – Tele2-ге қош келдіңіз, мұнда IT-жайының еркіндігі мен күшті компанияның бенефиттері біріккен, ал жұмыс – әркім риясыз, өзі қалаған бағытта дамып, өзгере алатын қызықты сәттер орны.

 Біз қиындықтардан да, шектеулерден де қорықпаймыз. Біз шектен шығып, стереотиптерді бұзып, жаңа нәрселерді іске асырамыз. Tele2-де күн сайын әлемді өзгертетін идеяларды құру және жүзеге асыру мүмкіндігі бар.

Сізді не күтіп тұр?

Біздің команданың әрбір мүшесі бірегей және өзіндік күшті жақтары мен таланттарға ие. Бізде жалығарлық күн тәртібіне орын жоқ. Бізде шығармашылық, құмарлық және еркіндік бар. Біз бір-бірімізді шабыттандырамыз және керемет нәтижелерге қол жеткізе отырып, батыл алға ұмтыламыз. Сонымен қатар біз кәсіби дамуға ғана емес,  жеке тұлға ретінде өсуге мүмкіндік береміз. Сіз мұнда тәжірибе алмасуға дайын тәлімгерлерді және бірге күшті нәтижеге жетуге болатын әріптестерді таба аласыз.

Мансаптық өсу

Сіздің алдыңыздан аналитика мен әзірлеуден бастап клиенттік тәжірибені жақсартатын түрлі сервистерді енгізу және ілгерілетуге дейінгі бағыттардың кең ауқымы бойынша мансаптық мүмкіндіктер ашылады.

Денсаулық пен жайлылылқ

Бізге келіңіз – бенефиттер ішінен бізде тек тәттілер ғана емес:

  • Тренингтерден үйрен: біз үнемі ішкі оқытуларды жүзеге асырамыз және қызметкерлерді бүкіл әлем бойынша сыртқы конференцияларға жиі жібереміз;
  • Орынды өзіңіз таңдаңыз: үйден немесе әлемнің кез келген жерінен жұмыс істегіңіз келе ме? Түсінеміз. Біз гибридті жұмыс форматын қолданамыз, сондықтан қызметкерлер белсенді өмір сүреді және еркін орын ауыстырады;
  • Бонустарды пайдаланыңыз: қызметкерлерге ЕМС, ұялы байланыс (міндетті түрде), электронды кітапхана және фитнес-клубтағы жаттығулардың өтемақысы қолжетімді. Біз белсенді өмір салтын ұстанамыз және тіпті әртүрлі спорт түрлерінен жарыстарға ақы төлейміз;
  • Қосымша ақы алыңыз: біз жетістіктерді көреміз және бағалаймыз. Сондықтан жеке қызметкерлерге және тіпті командаларға жылдық сыйлықақы береміз;
  • Жайлы жерде жұмыс істеңіз: біздің кеңсеміз жарық және заманауи жасақталған, қаланың ортасында орналасқан. Сондықтан желіде ғана емес, бетпе-бет те қуана қарсы аламыз.

Сонымен қатар

  • Tele2-дегі жұма бұл «FreeDay» – жұмыс кездесулерінсіз күн. Біз өз оқуымызбен, дамуымызбен айналысамыз, кеңседе әріптестерімізбен араласамыз және кездесу ұйымдастырамыз;
  • «All Hands» – тоқсанына бір рет топ-менеджмент өткен тоқсанды қорытындылайтын және қаржылық көрсеткіштер туралы баяндайтын іс-шара. Тікелей эфирде SEO, SXO мамандарына сұрақ қойып, жауап алуға болады;
  • 3 айлық сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін SEO-мен іскери таңғы аста танысып, өзіңіздің сұрағыңызды тікелей қоя аласыз немесе идея ұсына аласыз;
  • MyBook электронды кітапханасы;
  • Қашықтан оқыту жүйесі;
  • Ішкі және сыртқы оқыту бар.

Біз үнемі алға ұмтыламыз, компаниямыз ешқашан бір орында тұрмайды. Біз дамуға ұмтыламыз, сондықтан үнемі жаңа өнімдер мен қызметтерді жасаймыз, сонымен қатар клиенттерімізді қуантатын және қанағаттандыратын озық технологиялық шешімдерді енгіземіз. Осының арқасында біздің компания өсуін жалғастыруда және абоненттердің көңілінен шығуда.

Стереотиптері мен шектеулері жоқ команданың құрамына енгіңіз келсе, бізге қосылыңыз. Бізбен сіз өзіңіздің әлеуетіңізді ашып, шығармашылығыңызды көрсете аласыз және Tele2 тарихына өз үлесіңізді қоса аласыз.

Компаниядағы бос орындар

Еншілес компаниялардағы бос орындар