Нысан инженері

Абу-Даби Порты (Abu-Dhabi Ports) Абу-Даби
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
44

Қаралған саны:
865

   Конкурс туралы
Функционалдық міндеттер:
  • Жоба инженерінің басшылығымен құрылыс алаңында жұмыстарды орындау үшін тағайындалады. Ол жобаның талаптарын орындау және жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу үшін сүңгуірлік жұмыс тәжірибесі мен біліміне ие болуы керек.
Негізгі міндеттері:
  • Жоба инженерімен/жлба жетекшісімен қарым-қатынаста болу; 
  • Нұсқаулықтарды оңтайлы өткізу;
  • Сүңгу жобасының жоспарының талаптарын қамтамасыз ету / Қатерлерді бағалау;
  • Қатерлерді анықтап, бағалап, оны азайту шараларын қабылдау;
  • Беру кезіндегі және керісінше брифинг; 
  • ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ бойынша кездесулерге қатысу;
  • ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ ережелерімен ұжым мүшелерін таныстыруды және олардың толық сақталуын қамтамасыз ету;
  • Техникалық құжаттама мен сызбаларды дайындауда, сондай-ақ жұмыс барысы туралы күнделікті есептерді дайындауда жоба инженеріне көмек көрсету;
  • Біздің әдіснамамызды тиімді қолдану және жоба стандарттарын сақтау;
  • Жоба туралы ақпаратты жоғары тұрған басшылыққа тиімді жеткізу;
  • Жұмысты жақсарту мүмкіндіктерін анықтау және жағдайды өзгерту бойынша сындарлы ұсыныстар енгізу;
  • Команданың әр мүшесінің үлесін дәйекті тану және бағалау;
  • Күрделі/сезімтал ақпаратты қалай мұқият жеткізу керектігін түсіну;
  • Тапсырыс берушінің талаптарына жауап беретін жобаның жұмыс жоспарларына сәйкес жұмысты атқару;
  • Жұмыс уақытының күнделікті есебін жүргізу және қызметкерлерді әртүрлі жобаларға бөлу, егер ондай болып жатса;
  • Жұмыс алаңында үздіксіз жұмыс істеу үшін сызбалар мен ақпараттың болуын қамтамасыз ету;
  • Клиенттермен олардың қажеттіліктері түсіндіру және олардың мүдделерін жергілікті жерде көрсету үшін күнделікті өзара әрекеттесу;
    Қолданыстағы нормалардың, ережелердің, СҚ/СБ саясатын, өндіріс стандарттары мен спецификаларын сақтауды қамтамасыз ету; 
  • Материалдардың болуын қамтамасыз ету;
  • Сынау және тексеру кестесін сақтау;
  • Қажетті сапа стандарттарына сәйкес жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету;
  • Жоба бойынша жұмыс пен шаралар графигін орындау;
  • Теңіз командасын, сүңгуірлер тобын, жұмыстарды орындау үшін арқанға қол жеткізу тобын басқару;
  • Тапсырылған инженерлік жобаларды дайындау, жоспарлау, үйлестіру және орындалуын бақылау;
  • Күнделікті есеп пен жобаның қорытынды есебін жасау;
  • Жобаның көлемі мен нәтижелерін анықтау;
  • Жұмысты бастағанға дейін қажетті рұқсаттарды алу.

Талаптар:

  • Инженерия саласындағы тиісті бакалавр дәрежесі, нысандағы жұмыстарды басқару тәжірибесі мен қабілеті;
  • Сандармен жақсы жұмыс істей алуы керек, ағылшын тілінде жақсы қарым-қатынас жасай алуы керек;
  • Жұмыс тәжірибесі 1 - 3 жыл;
  • Функционалдық мақсаттарға қол жеткізу үшін тапсырылған жоба шеңберінде барлық жұмыстарды басқару және үйлестіру;
  • Сыпайылық пен кәсібилік.
Шарттар:
  • Нақты жұмыс орны: Абу-Даби (БАӘ);
  • Ауысымдық кесте;
  • Жалақы шамамен 2500 AED (дирхам)
  • Тұру және тамақтану ақысын компания төлейді.

Қажетті қабілеттер

  • Предварительные расчеты. Умение читать чертежи. Ведение переговоров
  • - Техническая документация

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр