Әдіснама, сатып алуды бақылау және мониторинг департаментінің Сатып алуды мониторингілеу және бақылау секторының аға менеджері

«Самрук-Қазына» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
62

Қаралған саны:
991

   Конкурс туралы
Міндеттері:
  • Қорды сатып алуды жүзеге асыруға бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес тиісті жылға арналған бақылау тексерулерінің жоспарын бекіту процесін жүзеге асырады; қорды сатып алуды жүзеге асыруға бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес бақылау объектісінің атына алдағы жоспарлы бақылау тексерулері туралы хабарламалар жібереді; қорды сатып алуды жүзеге асыруға бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес жоспарлы бақылау тексерулерін жүргізеді қорды сатып алу мерзімдері; қорды сатып алуды жүзеге асыруға бақылау жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес тексеру актісін жасайды және оған қол қояды және оны бақылау объектісіне жібереді; жоспарлы бақылау тексеруді жүзеге асыру кезінде оларды жою жөнінде дереу шаралар қабылдау қажет бұзушылықтар анықталған жағдайда, қорды сатып алуды жүзеге асыруға бақылау жүргізу қағидаларына сәйкес бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны бақылау объектісіне жібереді.
  • Бұзушылықтарды жою туралы берілген ұсынымдар мен хабарламалардың орындалуына талдау жүргізеді; Басшының тапсырмасы бойынша бақылау объектілерінің жүйесінен және ресми интернет - ресурстарынан алынған мәліметтерді салыстыру негізінде сатып алу қызметіне бақылау жүргізу және талдау жүргізу арқылы бақылау объектілеріне бармай-ақ сатып алу қызметіне мониторингті жүзеге асырады
  • Өткізілген/жүргізілген бақылау іс-шараларының қорытындыларына талдау жүргізеді, тікелей басшының тапсырмасы бойынша мүдделі тұлғаларға өткізілген/жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат береді, бақылау объектілерінің сатып алу қызметінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептері мен салдарын жинақтайды және зерттейді. Жүргізілген талдау қорытындысы бойынша сатып алу бойынша корпоративтік құжаттарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді
  • Қор компанияларының өтімді емес активтерін сату процесінің тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында өтімді емес қорларды Қор компанияларының сатуы туралы құжатты әзірлеу бойынша мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады.
  • Қор операторының сатып алу жөніндегі мәселелерін Қор комитеттерінің, комиссияларының, Басқармасының қарауына шығарады (әдіснамалықтан басқа); Департамент әкімшісі болып табылатын бағдарламалар бойынша Қордың жылдық бюджеті шеңберінде кірістерді/шығыстарды жоспарлауды және игеруді (орындауды) жүзеге асырады
Талаптар:
  • Бейіндік салалардағы жоғары кәсіптік білім: құқықтану / экономика / қаржы / гуманитарлық ғылымдар
  • Сатып алу саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі
  • Басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл болған жөн