экономикалық жоспарлау және қазынашылық департаментінің жетекші маманы

«Түркістан БГҚ» ЖШС Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
383

   Конкурс туралы
Міндеттері
1) серіктестіктің бизнес-жоспарын және бюджетін қалыптастыру;
2) серіктестіктің бизнес-жоспары мен бюджетінің орындалу мониторингі және қаржы-шаруашылық қызметін талдау бойынша ай сайынғы, тоқсандық, жартыжылдық және жылдық есептерді қалыптастыру және ұсыну;
3) Қордың және серіктестіктің уәкілетті органдарының қарауына енгізілетін мәселелер шеңберінде материалдар, құжаттар топтамасын, оның ішінде Департамент құзыреті шеңберінде серіктестік басшылығының баяндамалары мен есептеріне презентациялық материалдарды дайындау;
4) құрылымдық бөлімшелердің бюджеттік өтінімдерін келісу, шоғырландыру және талдау, серіктестіктің құрылымдық бөлімшелері бөлінісінде егжей-тегжейлі жылдық бюджетті қалыптастыру;
5) қаржылық құжаттарда (төлем талабы, шарт) көрсетілген төлемдер сомаларының нысаналы мақсаты мен сәйкестігін серіктестіктің бекітілген бюджетіне және серіктестіктің Бизнес-жоспарына бақылау жасау;
6) серіктестіктің қаржы бөлігіне қатысты шарттарын келісу және әзірлеуге қатысу (баға белгілеу, төлем тәртібі және т. б.);
7) серіктестіктің инвестициялық бағдарламасын орындауға жауапты құрылымдық бөлімшелерден алынған нақты есептік деректер негізінде күрделі салымдарды игеру бөлігінде жоспарлы көрсеткіштерді орындау жөніндегі серіктестіктің инвестициялық қызметіне мониторинг жүргізу;
8) серіктестіктің өндірістік бағдарламасын орындауға жауапты құрылымдық бөлімшелерден алынған нақты есепке алу деректері негізінде өнімді өндіру және өткізу көлемдерін орындау бөлігінде жоспарлы көрсеткіштерді орындау бойынша серіктестіктің өндірістік қызметінің мониторингі;
9) Департаменттің қызмет саласына кіретін мәселелер бойынша белгіленген басқарушылық есептілікті қалыптастыру;
10) мерзімдік негізде Қордың басқарушылық есептілік жүйесіне жоба және бекітілген бизнес-жоспар бойынша деректерді енгізу, сондай-ақ Қордың корпоративтік стандарттарының және серіктестіктің ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес ай сайынғы, тоқсандық, жартыжылдық және жылдық негізде бизнес-жоспардың орындалуы бойынша есептік деректерді енгізу;
11)қарыз қаражаттарына қажеттілікті және олардың құрылымын, Серіктестік қызметін қаржыландыру көздерін айқындау, инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруға қаржыландырудың баламалы көздерін іздеуді және таңдауды ұйымдастыру, оның ішінде екінші деңгейдегі банктермен, халықаралық және қаржы институттарымен және өзге де қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасау, қарыз алуды тарту үшін қажетті есептеулер мен құжаттарды ұсыну;
12) қаржыландыруды тартуды қамтамасыз ету;
13) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қордың сұрау салулары бойынша жиынтық есептерді, мәліметтерді дайындауға қатысу;
14) қарыз алумен байланысты және департаменттің жетекші маманының құзыретіне тікелей жататын мәселелер бойынша банктерге, қаржы ұйымдарына және басқа да бөгде ұйымдарға кез келген есептілікті және басқа да сұратылған ақпаратты дайындау және ұсыну;
15) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша серіктестіктің нормативтік ішкі құжаттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындау және әзірлеу;
16) Департамент құзыреті шеңберінде кіріс хат-хабарларға жауаптарды белгіленген мерзімде қарау және дайындау;
17) Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мүдделі тұлғаларға консультациялар беру
  • Талаптары:
  • жоғары экономикалық білім;
  • экономика, қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит салаларында мамандығы бойынша жұмыс өтілі 5 (бес) жылдан кем емес;
  • бизнес-жоспарлау, қаржы-шаруашылық қызметті талдау, қаржы жоспарының жобаларын әзірлеу, шоғырландырылған жылдық бюджетті қалыптастыру саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 5 (бес) жыл, қаржы ұйымдарында, өндірістік ұйымдарда, квази-мемлекеттік секторда/Қор компаниялары тобында жұмыс тәжірибесінің болуы құптарлық

Шарттар:

5/2, жұмыс кестесі 09: 00-18: 30, түскі ас 13: 00-14: 30

Әлеуметтік пакет

Медициналық сақтандыру

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман