№10 желілік учаскенің жол шебері ст. Жарма 3 класс Жаңа-Семей жол дистанциясы Семей магистральдық желі филиалы ҚТЖ ҰК АҚ филиалы - «Магистральдық желі дирекциясы»

355961 - 371025
Жана-Семейская дистанция пути Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
77

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер

  • Тасмалдау механизмдерін  қоса алғанда, барлық жолдар мен бағыттама бұрмаларын аспаптық тексеруді, калибрді үлгімен деңгейге сәйкес тексеруді жүзеге асырады, сондайак барлық құрылымдарды, іргетастарды, жол құрылғыларын тексереді, бұрманың металл бөліктерінің тозуын өлшейді;
  • Барлықжолдар мен бағыттама бұрмаларды оның ішінде тасмалдау механизмдері мен бұрмалау арматураларын тексереді, калибрды шаблон мен деңгейге сәйкес тексереді, сонымен қатар жаңбыр кезеңінде, көктемгі және нөсер суларының өтуін, су мен шөгу кезінде барлық құрлыстарды, жол төсеніштерін, жол құрыоғыларын тексереді тұңғиықтардың, жеке адамдардың төмен және  жоғары ауа температурасының, сондай ак  жол жағдайынабайланысты пойыз қозғалысының жылдамдылығы шекталген аймақтардағы;
  • Жолдың үстіңгі құрылымын, бағыттама бұрмаларын, іргетастарды, жасанды құрлыстарды және басқа да негізгі құралдарды ағымдвғы күтіп ұстау және жөндеу  бойынша жоспарлы тапсырмалардың белгіленген мерзімде жоғары сапалы жұмыспен орындалуын қамтамасыз етеді;
  • Өндірістік жарақаттардың алдын алу және азайту бойынша жұмыстарды жүргізеді, жұмыс процесінде жұмысшылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететінжағдайлар жасайды, жұмысшыларды еңбек және өндірістік тәртіп пен ережелерді қатаң сақтауын қамтамасыз етеді.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі Жоғары  немесе орташа арнайы немесе белгіленген бойынша арнайы дайындық;
  • Саладағы мамандық: Темір жолдар, жол құрлыстарына; Көпірлер мен көлік тунельдерін салу
  • Жұмыс тәжірибиесі: 1 жылдан дан кем емес

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр