«KEGOC» АҚ «Ақпараттық телекоммуникациялар жүйелер» филиалы Солтүстік өңірлік орталығы телекоммуникация тобы радиобайланыс секторының жетекші инженер
Міндеттері:
-
Филиалдың СРС ГТК СРЦ қызметкерлерімен жұмыс істейді, Филиалдың СРЦ жүзеге асыратын функционалдық міндеттер мен операциялық процестердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
2) СРЦ қарамағындағы телекоммуникациялардың бекітілген жабдықтарына қызмет көрсету, пайдалану және жөндеу жұмыстарын жүргізеді: радиорелелік байланыс желілері (бұдан әрі – РРЛ) «SR-500» «Микран», «Combo», «Ceragon», (өте қысқа толқынды) радиостанциялар (бұдан әрі – РС); спутниктік терминалдар TCC «Thuraya», Жерүсті спутниктік байланыс станциясы (бұдан әрі – ЖССБ), Wi-Fi модемдері, антенна-фидерлік құрылғылар (бұдан әрі – АФҚ), филиал ПС-індегі ішкі желдету жүйесінің ТК шкафтарындағы УКВ радиостанциялары, сондай-ақ телекоммуникациялық жабдықтың жерге тұйықтау тізбектерін қолданыстағы нұсқаулықтардың талаптарына және қызмет көрсетілетін жабдыққа арналған техникалық құжаттамаларға дәл сәйкес жүргізеді;
3) радиоэлектрондық құралдарға (бұдан әрі – РЭҚ) арналған сараптама қызметтерін алу үшін (бұдан әрі – ЭМС) және санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды (бұдан әрі – СЭҚ) қалыптастыруға, сондай-ақ радиожиілік құралдарына рұқсаттарды (бұдан әрі – РЖҚ) алуға арналған рұқсат беру құжаттарының өзектілігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысына жауап береді;
4) ГТК және СРЦ-ның жылдық, айлық жұмыс жоспарларын әзірлеуге қатысады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді және олар бойынша есептерді құрастырады;
5) жабдыққа, материалдарға, қосалқы бөлшектерге, өлшеу аппаратурасына арналған жылдық өтінімдерді әзірлеуге қатысады;
6) техникалық жобаларды әзірлеуге, олардың пайдалану талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыларды дайындауға қатысады;
7) жабдыққа техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеуге қатысады;
8) жұмыс орнында техникалық және пайдалану құжаттамасының, лауазымдық және өндірістік нұсқаулықтардың толық көлемде болуын және олардың тиісті күйде сақталуын қамтамасыз етеді;
9) бекітілген құрылғылар мен жүйелерді техникалық паспандаттау бойынша жұмыстарды орындайды;
10) бекітілген жабдықта жоспарлы-профилактикалық жұмыстарды (бұдан әрі – ЖПЖ) уақытылы орындайды;
11) СДТҚ құрылғыларында жұмыстар өндірісі бағдарламаларын әзірлеуге қатысады;
12) қызмет көрсетілетін жабдықтың жай-күйін тұрақты жедел есепке алу мен мониторинг жүргізеді;
13) қатысады: жаңа техниканы енгізуге, қолданыстағы жүйелерді жаңғыртуға және реконструкциялауға; келіп түскен жаңа жабдық үлгілерін сынақтан өткізуге; жаңадан енгізілетін және жөндеуден өткен жабдықты пайдалануға қабылдауға; жабдық пен жүйелердің іске қосу-реттеу жұмыстарын жүргізуге және жаңа енгізілетін және қолданыстағы жабдықты реконструкциялау кезінде құжаттаманы ресімдеуге; қолданыстағы жабдықты жөндеуге және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге;
14) бөгде ұйымдармен бірлесіп, деректерді беру үшін айналма және қосымша, резервтік арналарды ұйымдастыру жөніндегі жұмыстардағы авариялық жағдайларға қатысады; аварияларды, істен шығуларды, жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруге, сенімділікті арттыру бойынша ұсынымдарды, аварияға қарсы іс-шараларды әзірлеуге және ГТК СРЦ Филиалының жұмысындағы істен шығу және авария актілері бойынша қорытынды дайындауға;
15) техникалық құжаттаманы жүргізеді: анықтамалықтар, сызбалар, техникалық паспорттар, журналдар және т.б.;
16) СРЦ Филиалының телекоммуникациялар кешені бойынша жедел диспетчерлік өтінімдерді береді, қарайды және келіседі;
17) СРЦ бойынша ТК жабдығының жұмысқа қабілеттілік жай-күйі туралы тәуліктік деректерді талдайды, байланыс және деректер беру арналарының тоқтап қалу себептерін, ТК жабдығының істен шығуы мен зақымдануын анықтайды және оларды қалпына келтіруді орындайды;
18) Филиалдың ГТК СРЦ СРС қызметкерлерімен жұмыс жүргізеді, персоналдың кәсіби функцияларды орындауға дайындығын қамтамасыз етеді (нұсқама беру, жаттығулар, техникалық оқу сабақтары);
19) СДТҚ жабдығында регламенттік жұмыстардың жылдық, айлық жоспарларын және кабельдік байланыс желілерін жөндеу жоспарларын құрастырады және орындайды;
20) ГТК СРЦ-ның жылдық, айлық жұмыс жоспарларын құрастыруды және орындалуын бақылауды жүзеге асырады, олардың орындалуын қамтамасыз етеді және олар бойынша есептерді құрастырады (ГТК бөлігінде);
21) Филиалдың ГТК СРЦ СРС персоналының өндірістік және еңбек тәртібін, Техникалық қауіпсіздік ережелерін (бұдан әрі – ТҚЕ), Өрт қауіпсіздігі ережелерін (бұдан әрі – ӨҚЕ) және Техникалық пайдалану ережелерін (бұдан әрі – ТПЕ) өндіріс учаскелерінде және үй-жайларда персонал орындайтын жұмыстар кезінде сақтауын қамтамасыз етеді және бақылайды, сондай-ақ олардың орындалу уақыттылығын қамтамасыз етеді;
22) Филиалдың ГТК СРЦ СРС құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жиналыстарға, семинарларға материалдар дайындауды жүзеге асырады;
23) Жылдық есептің тиісті бөлімін дайындауға қатысады;
24) жұмыс орнында техникалық және пайдалану құжаттамасының, лауазымдық және өндірістік нұсқаулықтардың толық көлемде болуын және олардың тиісті күйде сақталуын бақылайды;
25) радио және спутниктік байланыс, ЖССБ бойынша жөндеу және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге қатысады;
26) ФСМЭС және Филиалдың СРЦ учаскелерінде, Солтүстік РДЦ-ның қарамағында және басқаруында болатын іргелес энергетикалық кәсіпорындарда радио және спутниктік байланыс, ЖССБ бойынша техникалық тексеруге қатысады, оларды жаңғырту бойынша ұсыныстар дайындайды;
27) радио және спутниктік байланыс, ЖССБ-ның перспективалық даму және реконструкциялау схемаларын жобалауға техникалық шарттар береді, жобалық құжаттаманы қарастыруға қатысады, техникалық жобалар бойынша қорытынды дайындайды;
28) СРС персоналының ТК жабдығында эксплуатациялық жұмыстарды орындау сапасы мен мерзімдерін, сондай-ақ бекітілген ТК жабдығы бойынша техникалық құжаттаманың толық көлемін жүргізуін бақылайды;
29) Service Desk (ITSM) өтінімдері бойынша СРС құзыреті шеңберінде жұмысты үйлестіреді;
30) ГТК құзыреті бойынша радио және спутниктік байланыс, ЖССБ және СРЦ Филиалының СРС ГТК ТК жабдығына жөндеу бағдарламаларын қарайды және келіседі;
31) радио және спутниктік байланыс, ЖССБ және СДТҚ жабдығында құрылыс, жөндеу және профилактикалық жұмыстарды қадағалайды;
32) Филиалдың ГТК СРЦ СРС персоналына арналған жабдыққа техникалық қызмет көрсету және бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша нұсқаулықтарды әзірлейді;
33) негізгі қызмет бойынша шарттар жобаларын және қосымша келісімдерді дайындауға қатысады;
34) бекітілген «Персоналмен жұмыс жөніндегі жылдық жоспарға» сәйкес ГТК персоналымен жұмыс жүргізеді;
35) ГТК құзыреті бойынша Филиалдың, СРЦ-ның инвестициялық бағдарламасын қалыптастыруға қатысады;
36) СРЦ-ның ТМЗ және ТК жабдығын сатып алуға арналған техникалық сипаттамаларды дайындауды және қарауды жүзеге асырады;
37) құзырет шеңберінде хат алмасуды жүргізеді;
38) мамандандырылған ұйымдардың күшімен жаңа енгізілетін және қолданыстағы ТК жабдығын реконструкциялау кезінде СМР және ПНР орындалуының сапасын бақылайды;
39) ФСМЭС, Филиал және тікелей басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындайды.
Талаптар:
-
Электрқауіпсіздік бойынша V біліктілік тобы болуы тиіс.
Мыналардан өтуі тиіс:
- өндірісте зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету бойынша оқыту (дербес жұмысқа жіберілгенге дейін), электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын (бұдан әрі – ТПЕ), электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігі қағидаларын (бұдан әрі – ТҚЕ), энергетикалық кәсіпорындарға арналған өрт қауіпсіздігі қағидаларын (бұдан әрі – ӨҚЕ), еңбекті қорғауды дербес жұмысқа жіберілгенге дейін 1 айдан кешіктірмей лауазымға тағайындалған күннен бастап;
- ТҚЕ, еңбекті қорғау, ТПЕ, ӨҚЕ, қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды, арнайы ережелерді, лауазымдық және өндірістік нұсқаулықтарды жылына 1 рет Филиалдың құрылымдық біліктілік комиссиясында мерзімді тексеруден өткізу; өндірісте зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету бойынша жылына 1 рет оқыту; жылына 1 рет міндетті мерзімді медициналық тексеруден өту;
- салалық ережелерді, нормаларды, техникалық пайдалану саласындағы станциялар мен желілерге, электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігіне, өрт қауіпсіздігі қағидаларына қатысты талаптарды СРЦ қызметін жүзеге асыру кезінде қолданылатын құжаттар тізімінде айқындалған көлемде басшылыққа алу; тиісті деңгейдегі теориялық және кәсіби даярлығы болуы тиіс.
- Курсталып отырған қызмет мәселелері саласында сертификаттардың болуы қаласа (артықшылық).
Шарттары:
- Пайдаланушы деңгейінде дербес компьютерде жұмыс істеу дағдылары болуы, құжат айналымы жүйесі арқылы мемлекеттік тілде келетін ақпаратты құжаттың мәні мен оның негізгі ережелерін түсіну деңгейінде қабылдауы, өз міндеттерін орындау үшін жеткілікті болуы тиіс.
- Жұмыс орны Филиалдың әкімшілік ғимаратында орналасқан АО «KEGOC» «Солтүстік мемлекетаралық электр желілері», мекенжайы: Павлодар облысы, Экибастұз қ., Ауэзова к-сі, 126.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)
Ұқсас вакансиялар