«ХИМ-плюс» ЖШС-нің өңірлік сату өкілі

«ХИМ-плюс» ЖШС Шу қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
1636

   Конкурс туралы

Білімі:
Жоғары кәсіптік (маркетинга/менеджмента/экономика/техникалық/заң/агрохимия/агрономия/ агробизнесті жоспарлау бағыттары бойынша)

Жұмыс тәжірибесі:
Тауарлар мен қызметтерді сатуда/өткізуде/сатуды басқару саласында/агрономияда жалпы жұмыс өтілі кемінде бір жыл.

Агрохимиялық және/немесе ауылшаруашылық саласында жұмыс тәжірибесі болуы тиімдірек.

Кәсіби дағдылары:

- Республика шаруашылық субъектілерінің шаруашылық қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, жарнама, маркетинг, дайын өнімді өткізу мен жеткізуді ұйымдастыру, қоғаммен байланыс саласындағы әдістемелік, нормативтік және басқа да басшылық материалдар;

- Нарықты дамытудың ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларын, оның сыйымдылығын, өндірісін, түрлі нарықтарда экспорттық қызметті іске асырудың әдістері мен тәртібі;

- Тауар тарату арналарының түрлері;

- Авторлық және зияткерлік құқық;

- Кәсіпкерлік және коммерциялық қызметтің маркетингі;

- Нарықтық экономика, кәсіпкерлік және бизнес жүргізу негіздері;

- Жарнама, маркетинг жүргізу технологиясы;

- Нарық конъюнктурасы, тауарлардың ассортименті, жіктелуі, сипаттамасы және мақсаты, баға белгілеу әдістері, баға белгілеу стратегиясы мен тактикасы;

- Менеджмент, макро және микроэкономика, іскерлік әкімшілендіру теориясы;

- Жарнаманы құру негіздері, жарнамалық науқандарды жүргізудің формалары мен әдістері, PR-технологиялардың негіздері мен принциптері, сату психологиясы мен принциптері, бренд ерекшеліктері;

- Өндіріс технологиясы, бизнес-жоспарларды және келісімдердің, шарттардың коммерциялық талаптарын әзірлеу тәртібі;

- Іскерлік қарым-қатынас этикасы, әлеуметтану және психология негіздері;

- Іскерлік келіссөздер жүргізу дағдылары;

- Экономика және жоспарлау негіздері;

- Коммуникация мен байланыстың заманауи техникалық құралдарын пайдалана отырып ақпаратты өңдеу әдістері;

- Клиенттерді сегменттеу дағдылары;

- Клиенттік базаны әзірлеу және жүргізу дағдылары;

- Әлеуметтік желілермен жұмыс істеудің негізгі алгоритмдерін түсіну;

- Мемлекеттік және орыс тілдерін меңгеру.

Міндеттері:

·        Өңірлік нарық туралы ақпарат жинауды жүзеге асырады (өңірдегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің саны мен бейіні, халық саны, бағаның жалпы деңгейі және жалақының арақатынасы, негізгі тұтынушылық сұраныс, өңірдегі бәсекелестердің қызметі, т.б.).

·        Өңірлік нарық туралы ақпаратты талдайды және талдау нәтижелері негізінде өңірде тауарларды (қызметтерді, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі жоспарды әзірлейді.

·        Өңірдегі кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі (материалдық-техникалық қамтамасыз ету, өндіріске қажетті шикізатты дайындау және сақтау; өңірлік нарықта өнімді өткізу (қызметтерді ұсыну, жұмыстарды орындау); өткізілген тауарлар (көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар) үшін есеп айырысу бойынша жұмысты жүзеге асырады.

·        Өңірде тауарларды (қызметтерді, жұмыстарды) ілгерілету жөніндегі жарнамалық науқандарды іске асыруды, жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып, өңірде кәсіпорынның қолайлы имиджін қалыптастыру жөніндегі PR-науқандарды іске асыруды қамтамасыз етеді, өңірлік көрмелерде, жәрмеңкелерде тауарларды (қызметтерді, жұмыстарды) ұсынуды ұйымдастырады.

·        Өңірде өткізу жоспарларын, өткізу көлемін ұлғайту жөніндегі бағдарламаларды әзірлейді және орындайды.

·        Өңірде дистрибьюция жүйесін дамытады, көтерме сатып алушыларды (клиенттерді), серіктестерді (өңірлік нарықты бірлесіп игеру үшін) іздеуді жүзеге асырады.

·        Кәсіпорынның тауарларды жылжыту және осы істе жаңа серіктестерді тарту жөніндегі саясатын түсіндіру мақсатында әлеуетті серіктестер үшін семинарлар ұйымдастырады.

·        Өткізілетін (өндірілетін) тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, орындалатын жұмыстардың сапасына кепілдік беру, кәсіпорынның имиджін қолдау мақсатында өңірлік әріптестерді ішкі сертификаттауды ұйымдастырады.

·        Өңірлік контрагенттермен шаруашылық және қаржы шарттарын жасасуды үйлестіреді және шарттық міндеттемелерді орындаудың уақтылығы мен сапасын бақылайды; сатылған тауарлар (көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар) және қаржы ағындары (кәсіпорынның орталық кеңсесіне, өңірлік бөлімшенің резервіне, т.б.) үшін есептерді, тікелей және ұзақ шаруашылық байланыстарды кеңейту жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

Қажетті қабілеттер

  • - клиентоориентированность и ориентация на результат;
  • - Управление продажами