Б. Оразбаев атындағы ЖЭО-1 электр цехының электротехникалық зертханасының өндірістік учаскесінің шебері

«Алматы электр станциялары» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
140

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Нормативтік құжаттарға сәйкес станцияның электр жабдықтарын үздіксіз және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етеді;
  • СН тобының РЗА құрылғыларын тексеру бойынша жылдық және айлық жоспарларды жасау;
  • Жоспарлы тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу, РЗА ақауларын жою, РЗА құрылғыларына профилактикалық қарап шығулар жүргізу;
  • РЗА пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды, АВР-ды (автоматты түрде резервке қосу) сынақтан өткізуді және т. б., РЗА тексеру және сынақ бағдарламаларын жасау;
  • РЗА құрылғылары бойынша техникалық құжаттаманы жүргізу, оның қолданыстағы РЗА сұлбасына сәйкестігін бақылау, РЗА сұлбасы өзгерген кезде техникалық құжаттамаға уақтылы өзгерістер енгізу;
  • екіншілік тізбектердің релелері мен басқа да аппаратураларын жөндеуге, баптауға қатысу;
  • РЗА реконструкциясы бойынша жұмыстарға қатысу;
  • жаңа РЗА құрылғыларын пайдалануға қабылдау;
  • РЗА жұмысының есебін жүргізу, олардың әрекетін талдау;
  • аварияларды және жұмыстағы ақаулық жағдайларды тергеуге, талдауға қатысу;
  • РЗА құрылғыларын дұрыс баптауға қажетті есептеулер жүргізу;
  • РЗА құрылғыларының селективті жұмыс істеу картасын жүргізу.

Талаптар:

  • Энергетика саласында жоғары білім, энергетикалық ұйымдарда кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе энергетика саласында орта техникалық білім және энергетикалық ұйымдарда кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.

Шарттар:

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру