Зертханалардың қызметін қамтамасыз ету басқармасының жетекші инженері (сектор аутстаффинга)
«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атыраудағы филиалы Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттер:
- Тендерлік құжаттамалардың жобаларын әзірлейді;
Бағалық ұсыныстарға сұрау салу тәсілімен сатып алуға қатысты құжаттардың жобаларын әзірлейді;
Бір көзден алу тәсілімен сатып алуға қатысты құжаттардың жобаларын әзірлейді;
Электрондық дүкен арқылы сатып алуға қатысты құжаттардың жобаларын әзірлейді;
Сатып алу мәселелері бойынша өзге де құжаттардың жобаларын әзірлейді;
Өз құзыреті шегінде тендерлік өтінімдерге сараптама жүргізеді;
Өз құзыреті шегінде бағалық ұсыныстарға сараптама жүргізеді;
Зертханалық блоктың бюджеттік өтінімдерін дайындауды жүзеге асырады;
Зертханалық блоктың техникалық ерекшеліктерінің жобаларын дайындауды жүзеге асырады;
Сатып алуды жүзеге асыру тәртібінде айқындалған жағдайларда Зертханалық блоктың сатып алуларын отандық тауар өндірушілер/мүгедектігі бар адамдардың ұйымдары арасында өткізуді қамтамасыз етеді;
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің Бірыңғай номенклатуралық анықтамалығына код қосуға өтінім жасауды бастамашылық етеді;
Сатып алу веб-порталы арқылы Қордың сатып алу жөніндегі операторына әлеуетті өнім берушілерді «Самұрық-Қазына» АҚ-ның сенімсіз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілерінің) тізбесіне енгізу туралы өтінімдерді жасауды және жіберуді бастамашылық етеді;
Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің алдын ала сатып алу жоспарына, жылдық сатып алу жоспарына, ұзақ мерзімді сатып алу жоспарына түзетулер енгізуді бастамашылық етеді;
Бір көзден алу тәсілімен жүргізілген сатып алулар бойынша есептілікті жасайды;
Зертханалық блоктың тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттарының орындалуын электрондық актілердің, ел ішіндегі құндылық туралы есептердің және шарттың орындалуын қамтамасыз етудің енгізілгенін растайтын құжаттардың болуын қамтамасыз ету бөлігінде жүргізеді;
Зертханалық блок қызметкерлеріне тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шығыс шарттарын жасасу бөлігінде сатып алу процестеріне қатысты мәселелер бойынша өз құзыреті шегінде консультациялық көмек көрсетеді;
Сатып алу мәселелері бойынша уәкілетті органның өтініштері және (немесе) сұрау салулары мен нұсқамаларына жауаптарды дайындау жұмысын үйлестіреді және/немесе жауаптарды дайындайды;
Импортты алмастыру тауарлары пулына енгізу үшін ұсынылатын Зертханалық блок тауарларының тізбесін қалыптастырады;
Өнім берушілердің, орындаушылардың және мердігерлердің тауарларды отандық тауар өндірушілерден сатып алу жөніндегі міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізеді;
Әлеуетті өнім берушілерден/өнім берушілерден, оның ішінде тауар өндірушілер мен мүгедектігі бар адамдардың ұйымдарынан сатып алу жоспарланған Зертханалық блок тауарларының бағаларына жедел және/немесе қосымша маркетинг жүргізеді;
Бюджеттік бағдарламалардың бастамашыларына/әкімшілеріне Нормативтік-анықтамалық ақпаратты басқарудың автоматтандырылған жүйесінде (НӘАБАЖ) жұмыс істеу бойынша әдістемелік көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
Нормативтік-анықтамалық ақпаратты басқарудың автоматтандырылған жүйесіне (НӘАБАЖ) техникалық қолдау көрсететін орындаушылармен өзара іс-қимыл жасайды;
«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Сатып алу тәртібінің талаптарына сәйкес әлеуетті өнім берушілер енгізген тендерлік өтінімдерді қамтамасыз ету сомаларын әлеуетті өнім берушілерге қайтару жөніндегі жұмысты бақылайды;
Жүктелген міндеттер мен функцияларға сәйкес тиімді жұмысты қамтамасыз етеді;
Қазақстан Республикасының заңнамасында және Серіктестіктің өзге де ішкі құжаттарында көзделген, өз құзыреті шегіндегі өзге де функцияларды жүзеге асырады;
Еңбек шартымен және осы лауазымдық нұсқаулықпен өзіне жүктелген міндеттерді орындайды;
Өз міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, Серіктестік Жарғысының және Серіктестіктің ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;
Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтайды;
Зертханалық блоктың өндірістік инфрақұрылымының тиісті жағдайда ұсталуын бақылауды жүзеге асырады;
Басқарманың балансында тұрған негізгі құралдардың түгенделуін қамтамасыз етеді;
Бөлімшенің қызметіне және қызметкер жұмысының мазмұнына қатысты тікелей басшының өзге де тапсырмаларын орындайды;
Осы нұсқаулықта көрсетілген уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін атқарады;
Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді (ТЖКҚ) өнім берушілермен (орындаушылармен) талап-арыз жұмысы (хабарлама хаттары), айыппұл санкцияларын қолдану, қосымша келісімдер жасау және шарттарды бұзу мәселелері бойынша өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
Талаптар:
- қызмет бейіне сәйкес жоғары кәсіптік білімі
- Не менее 5 лет, не менее 2 лет желательно по профилю в национальных и/или международных компаниях и/или в областях, соответствующих функциональным направлениям в должности
- Қазақ тілін білу;
Қазақстан Республикасының «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерін сатып алу туралы» Заңын білу;
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-ға меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі ұйымдардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібін білу;
Электрондық сатып алудың ақпараттық жүйесінде (zakup.sk.kz) жұмыс істеу дағдылары;
Сатып алу көлемін жоспарлау;
Жаңа әлеуетті өнім берушілерді іздеу;
Техникалық ерекшеліктерді әзірлеу және талдау;
Ақпаратты іздеу, жинау, жүйелеу және талдау дағдылары;
Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңын білу;
Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңын білу;
Қазақстан Республикасының «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңын білу;
Қазақстан Республикасының заңнамасын қамтитын ақпараттық жүйелерді пайдалану дағдылары;
Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары;
Бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгеру: MS Office (Word, Excel, Outlook, PowerPoint, Project, Teams), 1С: ERP, электрондық құжат айналымы жүйесі (ЭҚЖ);
Менеджменттің интеграцияланған жүйесі (сапа, экология, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау) саласындағы білім;
Коммуникациялық дағдылар;
Басымдықтарды дұрыс айқындай білу.
Шарттар:
- Атырау қ.
- 5/2
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
- Техникалық және кәсіптік білім беру