Қойма шаруашылығының маманы

«Өріктау Оперейтинг» ЖШС Ақтөбе қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
21

Қаралған саны:
949

   Конкурс туралы
Міндеттері:

1) қойманың тауар-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау және босату, қойма алаңдарын неғұрлым ұтымды пайдалануды, қажетті материалдарды, мүкәммалды іздестіруді жеңілдету мен жеделдетуді және т. б. ескере отырып, оларды орналастыру жөніндегі жұмысына басшылық жасауға міндетті.;                                    

2) қоймаға қойылатын тауар-материалдық құндылықтардың сақталуын, сақтау режимдерінің сақталуын қамтамасыз етуге, қойма операцияларының есебін жүргізуге міндетті;                                                           

3) кіріс-шығыс құжаттарын ресімдеу және тапсыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етуге, белгіленген есептілікті жасауға міндетті;                                                

4) өртке қарсы құралдардың болуын және жарамдылығын, қоймадағы үй-жайлардың, жабдықтар мен Мүкәммалдың жай-күйін қадағалауға және оларды уақтылы жөндеуді қамтамасыз етуге міндетті;                                       

5) еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтай отырып, қоймада тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыруға міндетті;

6) серіктестіктің бухгалтериясымен бірлесіп тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысуға құқылы;                                                   

7) Қызмет қызметкері дәлелді себеппен уақытша болмаған жағдайда (еңбекке уақытша қабілетсіздік, еңбек демалысында болу және т. б.) серіктестіктің бас директоры бұйрығының негізінде оның міндеттерін атқаруға (орнын ауыстыруға) құқығы бар;                                                      

8) жұмыс беруші айқындаған және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормалардың, қағидалар мен нұсқаулықтардың талаптарын сақтауға және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі оқытудан, нұсқау алудан және білімдерін тексеруден өтуге;                    

9) қажет болған жағдайда жұмыскер функционалдық міндеттерін орындаған кезде жұмыс беруші беретін жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарын мүлтіксіз қолдануға және мақсаты бойынша пайдалануға;                                                    

10) өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қағидалар мен нұсқаулықтарды бұзу жұмыскерлердің денсаулығына немесе өміріне қатер төндіруге әкеп соғуы мүмкін жағдайларда жұмысты тоқтата тұруға, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйдегі жұмыскерлерді жұмысқа жіберуге жол бермеуге міндетті.                                                     

Талаптар:
Білімі: орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік);
Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі: кемінде 1 жыл (жоғары білім беру ұйымдарын бітірген және жұмысқа алғаш рет кіретін адамдар үшін жұмыс өтіліне талап қойылмайды);
Шарттары:
вахталық жұмыс әдісі 15/15

Қажетті қабілеттер

  • навыки ведения складского учета;