Бұрғылау жөніндегі директор
«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.Кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:
• мұнай өндіру технологиясы саласы немесе қатысты техникалық сала бойынша білім дәрежесі болуға тиіс;
• бұрғылау саласында 15-20 жыл жұмыс істеген тәжірибесі және соның басым бөлігі жетекшілік және басқарушылық лауазымдағы жұмыспен байланысты болуы тиіс;
• бұған қоса лауазым иесінде келесідей жұмыс тәжірибесі болуы тиіс:
• карбонатты, өте жоғары қысымды және күкіртсутегілі қойнауқаттарды бұрғылау;
• экологиялық сезімтал теңіз ортасында жұмыс істеу.
Жұмысқа қажетті білімі мен дағдылары:
• ауызша және жазбаша тиімді қарым-қатынас орнату дағдылары мықты болуы тиіс;
• топты құру және ынталандыру дағдылары және тәжірибесі аз персоналға тәлімгер болу / үйрету дағдысы болуы тиіс;
• шалғайда және көп ұлтты ортада жұмыс істеу тәжірибесі болуы тиіс.
• Лауазым иесінің өз-өзін ынталандыру, тез шешім қабылдау және қадағалауды қажет етпейтін өз бетімен дербес жұмыс істеу дағдысы болуы тиіс;
Лауазымдық міндеттері:
• компания қызметінің мақсаттары, ҚР-ның талаптары және компания мен ДЕҚОҚ стандарттарына сәйкес игеру және өнім өндіру жобалары бойынша көзделген техникалық және экономикалық мақсаттардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге арналған ұңғыма жұмыстарын басқару;
• жоба мақсаттары, мұнай кен орындарын пайдаланудың әлемдік оңтайлы тәжірибесі, компанияның және жергілікті ережелеріне сәйкес ұңғымаларды бұрғылау және аяқтау, ұңғыманы күрделі жөндеу және ұңғыма іші жұмыстарын жоспарлау бағдарламаларының, бюджет пен мерзімдерді анықтап белгілеу;
• компания бөлімшелері мен мердігерлердің жұмыстарын үйлестіру арқылы ұңғымаларды бұрғылау, аяқтау, ұңғыма іші жұмыстарының орындалуын қамтамасыз ету, оның ішінде мәліметтерді жинау, қойнауқатты басқару жоспарын талдау және белгілеу;инженерлік жобалау бағдарламасы, кестелер мен бюджет шеңберінде, жоба мақсаттарына, мұнай кен орындарын пайдаланудың әлемдік оңтайлы тәжірибесі, ҚР-ның талаптары, компанияның және жергілікті ережелері мен компанияның ДЕҚОҚ стандарттары, мұнай кен орындарын пайдаланудың әлемдік оңтайлы стандарттарына сәйкес болуын қамтамасыз ету;
• ұңғымаға қатысты ескертулерді және ұңғыманың бүтіндігіне қатысты жағдайларды басқару үшін ұңғымалардағы төтенше жағдайларды жоюға тиісті дайындықты қамтамасыз ету;
• Солтүстік Каспийдегі барлық теңіз жұмыстарын тиімді әрі нәтижелі түрде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
• ұңғыма операцияларына қатысты жұмыстарды жүзеге асыру бойынша серіктестермен, мемлекеттік органдармен уақтылы және тиімді өзара әрекеттесу;
• ұңғыма операцияларына қатысты барлық келісімшарттар мен мердігерлерді басқару шараларының компания процестері мен процедураларына сәйкес орындалуын қамтамасыз ету.
• Қатерлерге негізделген тиісті нәтижелерге қол жеткізу үшін ресурстарды бөлу және аудит пен бақылау шараларын өткізу
• Аудиттер / бақылау саласындағы тексерістер нәтижелері, ұсыныстары мен ескертулерін бақылау
• Тағайындалған процестерді жақсарту және кемшіліктерді жою үшін аудит / бақылау нәтижелерінен сабақ алу
Қажетті білім дәрежесі
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Озат)