АҚ, ТЖ, жұмылдыру және арнайы жұмыс жөніндегі жетекші маман
Бос жұмыс орыны
«KEGOC» АҚ «Батыс ЖЭТ» филиалы АҚ, ТЖ, жұмылдыру және арнайы жұмыс жөніндегі жетекші маман
Негізгі лауазымдық міндеттері:
1) филиалда құпиялық режимін қамтамасыз ету, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және жұмылдыру дайындығы бойынша жұмысты жоспарлайды және ұйымдастырады;
2) филиалдың басқа бөлімшелерінде азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және орындауға тікелей басшылықты жүзеге асырады;
3) бейбіт және соғыс уақытына филиалдың Азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлейді және орындалуын ұйымдастырады;
4) бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және іс-қимыл жасау жөніндегі ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылайды;
5) төтенше жағдайларда ықтимал залалды төмендетудің алдын алу бойынша мемлекеттік және салалық бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады;
6) азаматтық қорғаныс мұқтажы үшін материалдар сатып алуға және қызметтер көрсетуге арналған өтінімдердің жылдық жиынтық ведомосын жасайды және жоспарланатын кезеңге арналған бюджет жобасын қалыптастыру кезінде іссапар шығыстары бойынша ұсыныстар береді;
7) әскери есеп бойынша филиал қызметкерлерінің дербес деректерін енгізу, ТМҚ бойынша өтінімдерді енгізу, SAP ERP өндірілген жүйесіндегі қызметтер бойынша жұмысты орындайды;
8) азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар мәселелері бойынша шарттар жасасу үшін баға ұсыныстарын және басқа да қажетті құжаттарды ұсынады;
9) жетекшілік ететін қаржылық позициялар бойынша бюджеттің атқарылуын бақылауды жүзеге асырады;
10) МТЖ ж ШҚҚ-мен бірге арнайы қамтамасыз етуді ұйымдастырады .қызметкерлерінің азаматтық қорғаныс мүлкі және мүлкі және оның дұрыс сақталуы мен пайдаланылуына бақылау жасайды.;
11) Азаматтық қорғаныс мүлкін орналастыру, сақталуын қамтамасыз ету, жаңарту, есептен шығару, ауыстыру жөніндегі шараларды әзірлейді;
12) филиалдың азаматтық қорғанысының өзіне сеніп тапсырылған материалдық құндылықтарын түгендеуге қатысады;
13) АҚ, ТЖ және жұмылдыру дайындығы мәселелері бойынша филиалдың лауазымды адамдары мен мамандарын оқытуды және қайта даярлауды ұйымдастырады;
14) филиалдың жұмылдыру жоспарын әзірлеуді және орындауды ұйымдастырады;
15) бейбіт уақытта әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды есепке алуды және оларды жұмылдыру кезеңінде және соғыс уақытында брондауды ұйымдастырады және жүргізеді;
16) азаматтық қорғаныстың басқару пункттері мен қорғаныс құрылыстарын ұдайы әзірлікте ұстайды;
17) Филиалдың құрылымдық бөлімшелеріне жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс бойынша басшы құжаттарды, филиал директорының, "KEGOC" АҚ бұйрықтары мен нұсқауларын уақтылы жеткізуді қамтамасыз етеді;
18) азаматтық қорғаныс, жұмылдыру жұмысы, әскери есепке алу және брондау мәселелері бойынша хаттар, қызметтік жазбалар, өкімдер мен бұйрықтар дайындайды;
19) бөлімше басшыларымен бірлесе отырып, филиал қызметкерлерін адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіп туралы құлақтандыруды және қалыптасқан жағдайда әрекет ету тәртібін ұйымдастырады;
20) басқа құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп филиалдың зардап шеккен қызметкерлерінің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді және оны қауіпті аймақтардан эвакуациялауды ұйымдастырады;
21) төтенше жағдайлардың алдын алады-Филиал үшін төтенше жағдайлардың туындау тәуекелін барынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығындардың мөлшерін азайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін алдын ала жүргізеді;
Талаптар:
Білім деңгейі : Жоғары білім
Білім бейіні-диплом бойынша мамандығы (бағыты): - Бағыты бойынша Құқық/ Әскери іс және Қауіпсіздік/ Ұлттық қауіпсіздік және әскери іс – Құқық қорғау қызметі/ Әскери іс/ Ұлттық қауіпсіздік/ Өрт қауіпсіздігі/ Қоғамдық қауіпсіздік
Кәсіби сертификаттардың/сертификаттардың болуы: Мүмкіндігінше қызметтің жетекшілік ететін мәселелері саласында сертификаттардың болуы
Тілдерді меңгеруі: Орыс, қазақ тілдерін жақсы менгеру.
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі – Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі: - тиісті бағыт бойынша: азаматтық қорғаныс, жұмылдыру -дайындығы, Мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесіндегі жұмыс өтілі.
Лауазым бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі (ұзақтығы), жыл: 8 жылдан кем емес
ДК-мен жұмыс істеуге қажетті дағдылары/ арнайы бағдарламаларды білуі: MS office, Lotus Notes белсенді пайдаланушысы;
Түйіндемені қабылдау 2022 жылдың 08 сәуірге дейін жүргізіледі.
Қажетті білім дәрежесі
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)