Желіні, логистиканы және сатып алуларды басқару жөніндегі басқарушы директор

«Қазпошта» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
47

Қаралған саны:
2293

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Магистральдық желіні модельдеу.
  • Тасымалдау және маршруттар жоспарын қалыптастыру.
  • Көлікті басқару.
  • Көлікті пайдалану жоспарын қалыптастыру.
  • Логистикалық орталықтардың тиімді жұмысын ұйымдастыру.
  • Маршруттарды тасымалдау жоспарының орындалуын бақылау.
  • Пошта жабдықтарын басқару.
  • Көлік құралдары мен пошта жабдықтарына күрделі салымдардың/оларға техникалық қызмет көрсетудің және жөндеудің жылдық жоспарын қалыптастыру.
  • Сатып алуды басқару.
  • Сатып алу рәсімдерін жүргізуді регламенттейтін ҚР заңнамасы және Қор мен Қоғамның нормативтік құжаттары талаптарының сақталуына мониторинг және бақылау жасау.
  • Компанияның қызметті жеткізушілерімен келісімшарттар талаптарының орындалуына мониторинг жасау.
  • Қордың Сатып алу қағидаларының нормаларын сақтай отырып, ұзақ мерзімді және жылдық сатып алу жоспарын қалыптастыру және тиімді орындау.
  • Бөлімшелер желісін басқару, оның ішінде Компания бөлімшелерінің қолданыстағы желісін есепке алу.
  • Бөлімшелер желісі мен пошта байланысы пункттерінің жұмыс істеу тиімділігін басқару (бөлімшенің орналасқан жерінің дұрыс анықталуы; бөлімше форматының  дұрыс анықталуы; бөлімшенің техникалық стандарттарға сәйкестігі; бөлімшелер мен пошта байланысы пункттері инфрақұрылымының сапасы және т.б.).
  • Қоғамның пошта байланысы бөлімшелері мен пункттерінің желісін дамыту: облыстық филиалдар, поштамттар бастамашылық еткен сату нүктелерінің ашылуын, жабылуын, жаңғыртылуын қарау және келісу.

Талаптар:

  • Қаржы және экономика саласындағы және/немесе бизнес-функциямен байланысты техникалық немесе басқа да ұқсас бағыттағы жоғары білім.
  • Экономиканың нақты секторы компаниясында және/немесе қаржы институтында және/немесе инвестициялық холдингте және/немесе мемлекеттік қызметте және/немесе квазимемлекеттік ұйымда кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі, оның ішінде басқару лауазымдарында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі.
  • Үлкен кешенді жобаларды басқару бойынша табысты тәжірибесі.
  • Жобаның даму жағдайларын қамтамасыз ету үшін стратегиялық серіктестермен және негізгі мүдделі тұлғалармен тиімді қарым- қатынас құрудағы табысты тәжірибесі.
  • Бюджеттік жоспарлау және міндеттемелерді басқару тәжірибесі.
  • Сатып алу және логистиканы басқару саласындағы тәжірибеге артықшылық беріледі.

Шарттар:

  • Бескүндік жұмыс аптасы, сағат 09:00-ден сағат 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден сағат 14:30-ға дейін