локомотив бригадаларының машинист-нұсқаушы

428359 - 428359
ТЧЭ-26 МАТАЙСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 2 группа Алматы облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
958

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

  1. Машинист-нұсқаушылар кәсіпорын басшысының орынбасарына тікелей бағынысында болады.

Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі машинист-нұсқаушы (аға) кәсіпорын басшысының тікелей бағынысында болады.

  1. Машинист-нұсқаушыда локомотивті (МВСП) басқару дағдыларын қолдау үшін оны машинист ретінде пайдалануға рұқсат етіледі, бірақ негізгі жұмысынан бос уақытта айына екі сапардан артық болмайтындай, бұл ретте машинист-нұсқаушыға машинистке қолданылатын барлық белгіленген талаптар қолданылады.

Бір локомотивтегі (МВСП) локомотив бригадасы ретінде екі машинист-нұсқаушының бірлескен жұмысына рұқсат етілмейді.

  1. Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі машинист-нұсқаушы (аға) және жылу техникасы жөніндегі машинист-нұсқаушы машинист ретінде пайдаланылмайды.
  2. Ұйымның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі қалыпты жұмысы олардың шұғыл орындалуына байланысты болатын, кезек күттірмейтін, алдын ала болжанбаған жұмыстарды орындауға арналған бекітілген графикке сәйкес, машинист-нұсқаушының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен, соның ішінде, демалыс және мереке күндері кәсіпорында кезекшілік ету және пайдалану мәселелерін шешуге көмек көрсету үшін тартылуы мүмкін.
  3. Машинист-нұсқаушы:

1) өз жұмысын жұмыс уақытының 70% желіде және 30% кәсіпорында болатынын ескеріп ұйымдастыруға;

2) өзінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде белгіленген үлгідегі нысанды киімде болуға, ұқыпты киінуі, жұмыс бойынша әріптестермен және сабақтас қызметтер қызметкерлерімен, сондай-ақ теміржол көлігінің қызметтерін пайдаланатын адамдармен қарым-қатынас кезінде сыпайы және көңіл тапқыш қатынаста болуға;

3) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес алдағы айға машинист-нұсқаушы жұмысының жоспар-графигін жасауға, содан кейін оны кәсіпорын басшысына бекіту үшін ұсынуға;

4) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес Машинист-нұсқаушының жылдық жұмысының планшетін жүргізуге;

5) осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес Машинист-нұсқаушының жұмыс уақытын есепке алу журналын жүргізуге;

6) жолға шығу алдында әртүрлі байланыс құралдарын пайдалана отырып, кәсіпорын бойынша кезекшіге шығу уақыты мен мақсаты туралы хабарлауға;

7) кәсіптік оқытудан өту арқылы өзінің техникалық білімін арттыруға;

8) бекітілген жоспарға сәйкес машинистермен және машинист көмекшілерімен айына кем дегенде екі теориялық сабақ, соның ішінде лауазымы бойынша бірінші қыс жұмыс істейтіндермен бір сабақ өткізуге;

9) бекітілген жоспарға сәйкес машинистермен және машинист көмекшілерімен айына кем дегенде бір рет локомотивте (МВСП) практикалық сабақ жүргізуге;

10) жетекшілік ететін колонна машинистерімен және машинист көмекшілерімен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқамалықтар жүргізуге;

11) бекітілген графикке сәйкес машинистермен және машинист көмекшілерімен олардың қызметтік формулярларына жаза отырып, поездар қозғалысының қауіпсіздігі бойынша тәулік бойы кезектен тыс нұсқаулықтар жүргізуге;

12) қараша айынан кешіктірмей, өзі басшылық ететін колонна машинистері мен машинист көмекшілерінің алдағы жылға арналған жыл сайынғы еңбек демалыстарының графигін жасауға, оны кәсіпорын басшысына бекіту үшін ұсынуға міндетті. Бекітілген жыл сайынғы еңбек демалысының графигін өзі басшылық ететін колонна машинистері мен машинист көмекшілеріне танысу үшін беруге, содан кейін оны кәсіпорынның кадр бөлімінің маманына тапсыруға;

13) жиналыс хаттамасын ресімдей отырып, локомотив бригадаларының еңбегін ұйымдастыру мәселелерін, әлеуметтік мәселелерді, поездарды ұтымды жүргізу, отын-энергетикалық ресурстарды тиімді жұмсау мәселелерін шешу және поездар қозғалысы қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша тәрбие жұмысын жүргізу үшін өзі басшылық ететін колонна локомотив бригадаларының қызметкерлерімен ай сайын жиналыс өткізуге;

14) КЗП, КИП ұйымдастыруға және дер кезінде жүргізуге;

15) жылына екі рет (15 мамырға дейін және 15 қазанға дейін) бірлескен жұмыс үшін локомотив бригадаларының дербес құрамының тізімін жасауға, оны кәсіпорын басшысының орынбасарымен келісуге және оны кәсіпорын басшысына бекітуге ұсынуға. Бекітілген тізімнің көшірмесін кәсіпорынның кадрлар бөлімінің маманына, локомотив бригадаларының нарядшысына және кәсіпорын бойынша кезекшіге ұсынуға;

16) желіге шығар алдында локомотив бригадалары қызметкерлерінің өздерінің қызметтік міндеттерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі, сондай-ақ поездар қозғалысының және маневрлік жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі басшылық құжаттардың талаптарын орындауын бақылауға;

17) желіге шыққан кезде локомотив бригадасы қызметкерлерінің қызметтік және техникалық формулярларды жүргізуін тексеруге;

18) поездар қозғалысы қауіпсіздігін бұзушылықтарды, локомотивтің техникалық құралдарының (МВСП) істен шығуын, еңбек және технологиялық тәртіптің, поездар қозғалысы графигінің, поездарды жүргізу және тежегіштерді басқару режимдерінің бұзылуын, өзі басшылық ететін колонна локомотив бригадалары қызметкерлерінің қатысуымен жол берілген еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтардың бұзылуын тексеруге қатысуға, содан кейін тексерудің жиналған материалдарын кәсіпорын маманына ұсынуға;

19) есептік ай аяқталғаннан кейін желіге шығу нәтижелерінің негізінде өзі басшылық ететін колонна жұмысына еркін нысанда кешенді талдау жүргізуге, осы талдауды кәсіпорын басшысының алдында есеп беру үшін ұсынуға;

20) ай сайын локомотив бригадаларының демалыс үйіне локомотив бригадаларының демалыс режимін, санитариялық-гигиеналық күйін сақтау мәніне кем дегенде 1 тексеруді жүзеге асыруға;

21) поездар қозғалысының қауіпсіздігін бұзған жағдайда, РПЛ бойынша машинист пен машинист көмекшісі арасындағы келіссөздер регламентін тыңдауға, одан кейін сөйлесулер регламентін тыңдау актісін кәсіпорын маманына ұсынуға;

22) поездар қозғалысы қауіпсіздігін бұзуға жол берілген жағдайда, машинист пен ДСП немесе ДНЦ арасындағы келіссөздер регламентін МСР-де тыңдауға, одан кейін сөйлесулер регламентін тыңдау актісін кәсіпорын маманына ұсынуға;

23) кәсіпорын басшылығы ұйымдастырған машинист пен ДСП немесе ДНЦ арасындағы келіссөздер регламентінің дұрыс жүргізілуін МСР-де тыңдауға қатысуға;

24) СЛ және КР шифр ашу жөніндегі инженерлер анықтаған машинистің бұзушылықтарын СЛ және КР шифр ашу күнінен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірмей қарауға. Осы бұзушылықтар туындаған себептерді және машинистің кінәлілік дәрежесін анықтауға, содан кейін қабылданған шараларды СЛ-да немесе КР хаттамасында, сондай-ақ ТУ-133Э нысанды электрондық журналда көрсетуге;

25) КИП өткізу кезінде машиниске поезд тежегіштерін басқарудың және локомотивке (МВСП) қызмет көрсетудің озық әдістерін үйретуді жүргізуге;

26) локомотив бригадалары жұмысының кез келген сатысында олардың жұмысында анықталған барлық бұзушылықтар мен кемшіліктер туралы кәсіпорын басшылығына хабарлауға;

27) ай сайын локомотив бригадаларының техникалық сабақтарға қатысуын, машинистердің біліктілігін көтерудің дер кезінделігін бақылауды жүзеге асыруға;

28) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауға;

29) ұжымда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті арттыру бойынша қолайлы климат жасауды қамтамасыз етуге;

30) бағынысындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге;

31) қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу және профилактикасы бойынша жұмыс жүргізуді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау, алдын алу және жою бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етуге;

32) белгілі болған сыбайлас жемқорлық көріністері мен құқық бұзушылық фактілері туралы кәсіпорын басшысына дереу хабарлауға міндетті.

  1. Қауіпсіздік аспаптары және автотежегіштер жөніндегі машинист-нұсқаушы қосымша:

1) бекітілген жоспарға сәйкес локомотив бригадаларының қызметкерлерімен және СЛ және КР шифр ашу жөніндегі инженерлермен локомотивте (МВСП) орнатылған қауіпсіздік құрылғыларын, сондай-ақ тежеу жабдығын басқаруды және оларға қызмет көрсетуді, поезд тежегіштерін басқару тәртібін, локомотивтердің тежеу жабдығына (МВСП) техникалық қызмет көрсетуді, тежеу жабдығының қалыпты жұмысы бұзылған немесе істен шыққан кезде дұрыс іс-қимылдарды зерделеу бойынша техникалық сабақтар өткізуге;

2) тежегіштерді бақылап тексеру кезінде жылжымалы құрамның тежегіш жабдығын тексеруге қатысуға;

3) поездар тежегіштерін басқаруды жетілдіру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға, кәсіпорын жұмысының ерекшелігін, қызмет көрсетілетін учаскелердің бейінін және поездарды жүргізу тәжірибесін ескере отырып, тежегіштерді басқару жөніндегі жергілікті нұсқаулықтарды әзірлеуге;

4) СЛ және КР шифрларын ашу кезінде анықталған, поезд тежегіштерін басқарудың бұзылуын талдау негізінде локомотив бригадаларымен техникалық сабақтар өткізу тақырыптарын әзірлеуге міндетті.

  1. Жылу техникасы жөніндегі машинист-нұсқаушы:

1) машинистерді поездарды жүргізудің ұтымды режимдеріне теориялық оқытуды ұйымдастыруға, оларға ТЭР ұтымды пайдалану жөніндегі жұмыстың озық әдістерін оқытуға;

2) кәсіпорын бойынша ТЭР шығынына талдауды жүргізуге, оның болуын және жылу техникасы бұрышында оның апта сайын жаңартылуын қамтамасыз етуге;

3) ай сайынғы отын комиссияларына материалдарды қалыптастыруға;

4) ТЭР артық шығыны бар машинистерге ТЭР ұтымды пайдалану жөніндегі озық тәжірибені беру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға қатысуға;

5) ТЭР ұтымды пайдалану бойынша озық тәжірибе мектептерін ұйымдастыруға және оларға қатысуға;

6) қызмет көрсетілетін учаскелерде поездарды жүргізу жөніндегі режимдік карталарды әзірлеуге және түзетуге;

7) белгіленген тәртіппен поездар тартымына және маневрлік жұмысқа арналған ТЭР шығысының сараланған нормаларын әзірлеуге, локомотив бригадалары қызметкерлерінің оларды орындауын есепке алуын және бақылауын ұйымдастыруға міндетті.

  1. Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі машинист-нұсқаушы (аға):

1) машинист-нұсқаушылардың поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі талаптарды орындауы бөлігіндегі жұмысын бақылауға;

2) поездар қозғалысы қауіпсіздігін бұзу жағдайлары бойынша кіріс құжаттары (факсограммалар, жеделхаттар, алдын алу шараларының жоспарлары және т.б.) бойынша кәсіпорында жұмыстың жүргізілуін бақылауға;

3) поездар қозғалысы қауіпсіздігін бұзушылықтарды тексеруге қатысуға;

4) машинист-нұсқаушылар жүргізген КИП толықтығы мен тиімділігін анықтай отырып, олардың жұмысын тексеру үшін бекітілген учаскелерге шығуларды (айына 4 шығудан артық болмайтын) жүргізуге;

5) қызметтік формулярларға жазуға арналған нұсқама тақырыбын әзірлеуге;

6) бекітілген жоспарға сәйкес локомотив бригадаларының қызметкерлерімен поездар қозғалысы қауіпсіздігі материалдары бойынша айына кем дегенде екі теориялық сабақ өткізуге;

7) бекітілген жоспарға сәйкес кәсіпорынның машинист-нұсқаушыларымен және СЛ және КР шифр ашу жөніндегі инженерлерімен поездар қозғалысының қауіпсіздігі материалдары бойынша әр топ үшін айына кем дегенде бір теориялық сабақ өткізуге міндетті.

 

Қажетті қабілеттер

  • * вободное владение ПК, знание программ Word, Excel, Outloo
  • - Оперативное принятие решений

Қажетті білім дәрежесі

  • Маман
  • Техникалық және кәсіптік білім беру