Қауіпсіздік қызметінің бас менеджері
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ішкі нормативтік құжаттардың сақталуын және орындалуын бақылау;
- Ақпараттық қауіпсіздік саясатының орындалуын кедергісіз бақылау;
- Қызмет қызметкерлерінің ақпараттық қауіпсіздік ережелері мен нормаларын сақтау туралы хабардар болуын қамтамасыз ету;
- Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы іс-шараларға (конференцияларға, семинарларға) қатысу, басқармада ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің соңғы құралдары мен әдістерін енгізу мақсатында кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығымен өзара іс-әрекет жасау;
- Тиімділікті арттыру және оны қорғау жөніндегі жұмысты жетілдіру мақсатында ақпаратты қорғаудың техникалық құралдары мен әдістерін қолдану бойынша басқа компаниялардың тәжірибесін зерделеу және жалпылау;
- Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы анықталған бұзушылықтар фактілері, оның ішінде коммерциялық құпияны жария ету фактілері бойынша қызметтік тексерулер жүргізу;
- Ақпараттық қауіпсіздікке байланысты оқиғаларды, инциденттерді тіркеу, жинау, сақтау, өңдеу;
- Ақпараттық жүйелерге қол жеткізуді бақылау және басқару, деректердің шығып кетуіне жол бермеу (DLP) жүйелерінің мониторингін жүзеге асыру;
- Қоғамда құпия ақпаратты қорғауға байланысты қажетті жұмыстарды жүргізу;
- Жұмыс уақытында Қоғам қызметкерлерінің корпоративтік ақпараттық жүйелерді пайдалануын бақылауға;
- Қоғам қызметінде сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтар жасауға, ақпараттың шығуына, коммерциялық құпияны ашуға алғышарттар туғызатын және ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау;
- Қоғам қызметінде сыбайлас жемқорлық және өзге де құқық бұзушылықтар жасауға, ақпараттың шығуына, коммерциялық құпияны ашуға алғышарттар туғызатын және ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау;
- Қызметтің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғамның нормативтік ішкі құжаттарын жетілдіру және әзірлеу бойынша ұсыныстар беру;
- Қызметтің құзыретіне кіретін қызмет мәселелері бойынша Қоғамның қызметін реттейтін ішкі нормативтік құжаттарды жетілдіру және/немесе әзірлеу және жаңарту бойынша ұсыныстар беру;
- Тікелей басшы тапсырмасы және Қоғамның ішкі құжаттарымен жүктелген өзге де міндеттерді орындау.
Талаптар:
- Жоғары заңгерлік, техникалық білімі;
- Лауазымының функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда мамандығы бойынша (жоғары оқу орнында оқу уақытын қоспағанда), 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі;
- Ақпараттық қауіпсіздік, жемқорлыққа қарсы тұру салаларындағы сертификаттардың болуына басымдылық көрсетіледі.
Шарттар:
- ҚР ЕК бойынша ресімдеу;
- Жұмыс кестесі 5/2;
- Әлеуметтік пакет;
- Тұрақты жалақы, нысаналы көрсеткіштерді орындау қорытындылары бойынша сыйлықақы төлемдері.