4-ші разрядты жабдықтарды күту және жөндеу жөніндегі слесарь
«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Лауазымдық жауапкершілік:
Негізгі функцияларын жүзеге асыру үшін 4-ші разрядты жабдықтарды күту және жөндеу жөніндегі слесарьға келесі лауазымдық міндеттер жүктеледі: • Компанияның басқа бөлімшелерінің жұмыскерлерімен бірлесіп жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру; • Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, монтаждау, демонтаждау, сынау, реттеу, баптау және жөндеуден кейін тапсыру; • Бөлшектер мен тораптарды слесарлық өңдеу; • Жөндеуге және монтаждауға арналған күрделі құралдарды жасау; • Жөндеуге ақау тізімдемесін жасау; • Жүк көтергіш механизмдер мен арнайы құралдарды қолдана отырып такелаж жұмыстарын орындау; • Жабдықты пайдалану кезінде және жөндеу процесінде тексеру кезінде ақауларды анықтау және жою; • Жөнделген жабдықтың дәлдігін тексеру және жүктемемен сынау; • Технологиялық құбырларды жөндеу, монтаждау жұмыстары, ТҚП (төмен қысымды полиэтилен) (PP, PVDF поливинилиденфторид) құбырларды дәнекерлеу, ПВХ (поливинилхлорид) құбырларды желімдеу және технологиялық желілерді бекітуге және қызмет көрсетуге арналған құрылғыларды монтаждау; • Әр түрлі технологиялық жабдықтарды бөлшектеу және монтаждау; • Сорғы жабдықтарын жөндеу; • Сыйымды жабдықтың тоттануға қарсы қорғанысын жөндеу • Сыйымды жабдықты жөндеу және қызмет көрсету; • Бекіту арматурасын жөндеу және қызмет көрсету; • Станок жабдықтарын жөндеу; • Аспаптық жұмыстарды жүргізу; • Кептіру жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету; • Жұмыс орнында санитарлық нормаларды сақтау; • Жабдық жұмысындағы ақауларды жоюға көмек көрсету; • Жабдықтарға және жарақтарға ұқыпты қарайды және оны жұмысқа қабілетті күйде және таза ұстайды • ЖАЖ кестесіне сәйкес жабдықты жоспарлы-алдын ала жөндеу (ЖАЖ) жүргізеді • Жабдықтың мерзімінен бұрын тозу себептерін анықтайды, олардың алдын алу және жою бойынша шаралар қабылдайды. • Өндірістік учаскенің жабдықтарын жөндеуді уақтылы жүргізеді; • Тікелей бастығы, Бас директордың, және қажетінше жедел, өндірістік, өзге кеңестердің және Компанияның басқа басшыларының жеке тапсырмалары мен қойылған міндеттерін өз уақытында орындау; • Өз құзыреті аясында жеке басының жұмыс беруші актілерін, саясаттар, ережелер, нұсқаулықтар және жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты Компанияның басқа құжаттарын орындауын қамтамасыз ету; • Еңбек, ұжымдық шарттар, осы лауазымдық нұсқаулық, жұмыс беруші актілері және де Компанияның өзге бақыланатын құжаттарына сәйкес қойылған мақсаттарды, еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау (тиісті көлемде және мерзімінде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, немесе сұрақтар туындаған жағдайда жұмыскер тікелей бастығына хабарлауы тиіс және қажет болса, міндеттердің, тапсырмалардың және т.б. орындау мерзімін создыруға тиіс). • Еңбек шартын бұзу/тоқтату барысында Компанияға тиесілі құжаттар, материалдар және т.б. меншікті еңбек шарты талаптарына сәйкес және бекітілген тәртіпте тапсыру (қажет болған жағдайда). • Компанияның Бас директорына және/немесе Компаленс жөніндегі офицеріне және/немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ң «Жедел желісіне» дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы кез келген ақпаратты хабарлау. • Тікелей басшыға 4-ші разрядты жабдықтарды күту және жөндеу жөніндегі слесарьдың лауазымды міндеттеріне теріс әсер етуі мүмкін барлық ықтимал тәуекел оқиғалары туралы хабарлау.Білім:
Мамандығы бойынша тиісті дайындығы бар арнайы орта білімДағдылар:
• Орындалатын жұмыс мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасы, нормативтік-құқықтық актілері және басқа да нормативтік құжаттары; • Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар; • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; • Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау ережелерінің негіздері; • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау қағидалары мен нормалары; • Азаматтық қорғау, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік саласындағы қағидалар мен нормалар; • Жөнделетін жабдықтың, агрегаттар мен машиналардың құрылысы; • Жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу және құрастыру; • Тораптар мен механизмдерді сынауға, реттеуге және қабылдауға арналған техникалық шарттар; • Өңделетін материалдардың негізгі қасиеттері; • Қызмет көрсетілетін механикалық жабдықты монтаждау, бөлшектеу, жөндеу, сынау және баптау тәсілдері мен қағидалары; • Тораптарды майлау жүйесі; • Бөлшектің бетін өңдеу параметрлері туралы негізгі ақпарат; • Жүктерді ілмектеу, көтеру, орнын ауыстыру қағидалары; • Еденнен басқарылатын жүк көтергіш құралдар мен механизмдерді пайдалану ережесі; • Қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарының құрылысы, мақсаты және қолдану ережесі; • Қышқылға төзімді және басқа қорытпалардың, материалдардың қасиеттері; • Жөнделетін жабдықтың, агрегаттар мен машиналардың конструктивтік ерекшеліктері; • Жабдықты жөндеуге, құрастыруға, сынауға және реттеуге және дұрыс орнатуға арналған техникалық шарттар; • Күрделі жабдықтарды, агрегаттар мен машиналарды жөндеу, монтаждау, демонтаждау, сынау, реттеу және баптау және жөндеуден кейін тапсыру; • Бөлшектер мен тораптарды слесарлық өңдеу; • Кернеулі және тығыз отырғызу жағдайларында тораптар мен жабдықтарды бөлшектеу, жөндеу және құрастыру; • Пневматикалық, электр құралдарын қолдана отырып және бұрғылау станоктарында жұмыстарды орындау; • Бөлшектерді жуу, тазалау, майлау және шығанақты алу; • Қорғаныш материалдарынан жасалған шегенделген жабдықты жөндеу; • Құбыр магистралі мен арматураны монтаждау және бөлшектеу негіздері. • ЖЖЖ жүйесінің негіздері; • Жөндеу кезінде қолданылатын БӨА және құралдардың түрлері.Қосымша:
• Жүргізуші куәлігіБілетін тілдер:
• қазақша (ауызша); • Орыс тілі (ауызша).Ұқсас вакансиялар
3,4,5-разрядты физика-механикалық санау жөніндегі зертханашы сынау орталығы, тантал өнімін сынау зертханасы № 47-05-08/8855 от 09.12.2025- 1 ед. г. Усть-Каменогорск
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
13.12.2025 | 74
3, 4, 5-разрядты химиялық талдау зертханашы сынау орталығының тантал өнімін сынау зертханашысы № 47-05-08/8858 от 08.12.2025-1 ед. г. Усть-Каменогорск
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
13.12.2025 | 54
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Жамбыл жол дистанциясының №2 жолдың өндірістік учаскесінің бастығы
Жамбылская дистанция пути | Еңбекпен толық қамтылу
| Жамбыл облысы
09.12.2025 | 535
453419 - 566774