«KEGOC» АҚ «Орталық жүйеаралық электр тораптары» филиалының Жезқазған аумақтық электр тораптарының 220 кВ «Никольская» ҚС, 220 кВ «Құмкөл» ҚС тобының бастығы
Жалақы көрсетілмеген
«KEGOC» АҚ Қарағанды қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- топты үйлестіруді және әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
- Қағидаларға сәйкес жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды және басқа да объектілерді пайдалануды қамтамасыз етеді.
- ЖАЭТ ҚС барлық жабдықтарын жөндеудің, техникалық қызмет көрсетудің, сынаудың және тексерудің жылдық, айлық және көпжылдық жоспарларын орындауды ұйымдастырады;
- бағынысты персоналдың еңбекті қорғау талаптарын, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулықтарды, ішкі еңбек тәртібі қағидаларын, жеке еңбек шарттарын, БМЖ талаптарын орындауын қамтамасыз етеді;
- аварияға қарсы және пайдалану циркулярларында, басқа да директивалық материалдарда көзделген іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
- жабдықтар, электр жеткізу желілері, ғимараттар мен құрылыстар жұмысының сенімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
- филиалда қолданылып жүрген тәртіпке сәйкес техникалық, жедел және бухгалтерлік есептілікті жасауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;
- «КЕGОС» АҚ құжаттамасының, оның ішінде ЖАЭТ ҚС қызметіне сәйкес келетін БМЖ саласындағы талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді;
- жедел және жөндеу персоналына оқытудың және нұсқаманың барлық түрлерін уақтылы және сапалы жүргізуді, сондай-ақ ҚТ, өндірістік санитария жөніндегі білімді немесе қағидалар мен нұсқаулықтарды тексеруді қамтамасыз етеді;
- жөндеу және жедел персоналға техникалық оқу жүргізуді ұйымдастырады, оқуға өзі қатысады, қайталама (мерзімді) және жоспардан тыс нұсқамалар өткізеді, дәрігерге дейінгі көмек көрсету бойынша оқыту және өрт-техникалық минимум бойынша сабақтар өткізеді;
- ЭОЕ және ТПҚ ауытқуларды, ҚТЕ бұзушылықтарын жүйелі түрде анықтайды, оларды тұрақты жоюға шаралар қабылдайды, жабдықтың сенімді және қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
- тиісті құжаттарды ресімдей отырып, құрылыс-монтаждау жұмыстарының өндірісіне жүйелі және сапалы қадағалау жүргізеді, ақаулары мен кемшіліктері бар объектілерді пайдалануға қабылдауға жол бермейді;
- объектілердің күрделі құрылысын жөндеу, ПЖЖ, қайта құру, техникалық қайта жарақтандыру көлемдерін, жабдыққа, материалдар мен қосалқы бөлшектерге қажеттілікті жоспарлауды жүргізеді;
- жүргізілген жұмыстарды толық сипаттай отырып, жабдықты жөндеу және пайдалану бойынша орындалған жұмыстарға уақтылы актілер жасайды;
- жөндеуге шығаруға жататын жабдыққа ақаулы актілер жасайды;
- қолданыстағы қағидаларға сәйкес ЖАЭТ ҚС персоналымен жұмысты ұйымдастыруға және жүргізуге, сондай-ақ жұмыс орындарын аттестаттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға жауап береді;
- материалдар мен негізгі құралдарды жоспарлы есептен шығаруды және кіріске алуды жүргізеді;
- жазатайым оқиғаларды, аварияларды және ҚС жабдығының жұмысынан бас тартуды тергеп-тексеруге қатысады. Жаңадан орнатылған жабдыққа жетекшілік етуге және қабылдауға қатысады;
- ҚТ күнін өткізуге және оны өткізу нәтижелері бойынша іс-шаралар жасауға қатысады, осы іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
- ҚС барлық персоналының аварияға қарсы және өртке қарсы жаттығулардың уақтылы өткізілуін басқарады және бақылайды;
- ТПҚ, ҚТЕ, өндірістік нұсқаулықтар мен ҚС схемалары бойынша персоналдың білімін біліктілік тексеруге қатысады;
- қызметкерлердің өндірістік және еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын сақтауын бақылайды, ЖАЭТ бастығын, ЖАЭА бас инженерін хабардар ете отырып, бұзушылықтар үшін жұмыстан шеттетеді;
- «Нормативтік-техникалық құжаттама тізбесіне» сәйкес ҚС бойынша бекітілген нұсқаулықтар мен техникалық құжаттамалардың жай-күйін бақылайды, нұсқаулықтарды қайта қарауды және қайта бекітуді ұйымдастырады;
- ҚТЕ, ӨҚЕ және ТПҚ бойынша емтихандарды уақтылы тапсырады, бағынысты персоналдың емтихандарды уақтылы тапсыруын бақылайды;
- кестеге сәйкес кіші станцияның барлық персоналының жұмыс орындарын аралауды және қарауды орындайды, күн сайын кіші станцияның жедел-техникалық құжаттамасын тексеруді орындайды, жедел персоналдың пайдалану жұмыстарының кестесін, ал мердігер ұйымдардың персоналының жұмыстарды орындау мерзімдері мен көлемдерін орындауын бақылайды;
- ЖАЭТ бас инженерімен (ҚС мастерімен) бірлесіп жабдықты жөндеуге шығару кестесін және жөндеу және пайдалану жұмыстарын жүргізу үшін жабдықтар мен материалдарға өтінімдерді жасайды, оларды ҚС қызметіне ұсынады;
- ақаулар журналындағы жазбалар бойынша жабдық жұмысындағы ақауларды уақтылы жояды;
- ҚТҚ және өрт қауіпсіздігіне сәйкес оларды ресімдеуді талап ететін жұмыстарды жүргізуге рұқсат-нарядтардың, өкімдердің және арнайы рұқсаттардың дұрыс берілуін бақылайды;
- жөндеу персоналына оқытудың және нұсқаманың барлық түрлерінің уақтылы және сапалы жүргізілуін, сондай-ақ ҚТ, өндірістік санитария жөніндегі білімді немесе қағидалар мен нұсқаулықтарды тексеруді қамтамасыз етеді;
- бригаданы қажетті материалмен, құрал-сайманмен және құралдармен жинақтауға қатысады;
- жабдық жұмысындағы бұзушылықтарды, өрттерді жоюға, авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге жауапты;
- айына кемінде екі рет 220 кВ «Никольская» ҚС қызмет көрсету жөніндегі электр монтердің жұмыс орнына кезекшілікке шығады.
Талаптар:
- Білім деңгейі – жоғары;
- Білім профилі – Электроэнергетика;
- Қажетті тәжірибе – мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі-кемінде 5 жыл.
Шарттар:
-
Жұмыс орнына уақытында келу шартымен Сәтбаев қ., Жезқазған қ. тұру міндетті.
Қажетті қабілеттер
- • Опытный пользователь PC (MSOffice: Word, Excel); • Знание казахского, русского языков.
- • PC тәжірибелі пайдаланушы (MSOffice: Word, Excel); • Қазақ, орыс тілдерін білу.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Шымкент магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология жөніндегі жетекші инженер
Шымкентская дистанция электроснабжения | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
15.12.2025 | 862
385970 - 399543
"ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы - "Алматы магистральдық желі бөлімшесі"Шелек электрмен жабдықтау дистанциясының өндірістік оқыту шебері
Шелекская дистанция электроснабжения | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы облысы
15.12.2025 | 254
358825 - 374943
4 (төртінші) разрядты электр станцияларының электр жабдықтарына қызмет көрсету жөніндегі электромонтер
"Energy Solutions Center" ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Екібастұз қ.
15.12.2025 | 1875