Оперативті басқару орталығы (ОБО) – бұл барлық тактикалық оперативті шешімдер қабылданатын компания ішіндегі орталықтандырылған және бар назарын қауіпсіздікке, тұтынушыларға қамқорлық пен тиімділікке бағыттайтын департамент.
Оперативті басқару орталығы үш негізгі қызметке жауап береді: алдын-ала жоспарланған кестенің уақытылы орындалуы, жұмыс барысындағы барлық ауытқуларды ұшу кестесінде жаңарту және ішкі процедуралар мен нұсқауларды ұстану арқылы төтенше жағдайларда ұшу кестесін барынша қалпына келтіру.
Жұмыс уақыты: Ауысым кестесі бойынша жұмыс істеу: 12 сағат, 2 күн/2түн - 4 күн демалыс.
МІНДЕТТЕР:
- Төтенше және қалыптан тыс жағдайларда Супервайзерге оперативті түрде көмек көрсету
- Рейстерді ОБО-ң бақылау құралдары арқылы үздіксіз қадағалау
- ОБО-ң барлық байланыс жүйесін бақылап уақытылы жауап беру
- Рейске қатысты қажетті ақпараттарды қабылдау мақсатында әуекомпания және әуежай қызметкерлерімен тығыз қарым-қатынасты жүргізумен қатар басқа да департаменттардың сұраныстарын қабылдап, жүзеге асыру
- Рейстің кешігу себебін анықтап зерттеу
- Қажетті репорттарды дайындап тиісті адресаттарға жіберу
- Күнделікті түрде рейстердің ұшу кестесін қадағалап әуекомпания жүйесіндегі мәліметтің дұрыстығын тексеру
- Ауа-райына қатысты ақпаратты бақылап анализ жүргізу
- Рейстердің кешігу және басқа да төтенше жағдайларға байланысты ақпаратты ОБО-ң тиісті ақпарат тарату құрылғылары мен Е-mail арқылы жіберу
- ОБО-ң күнделікті жұмыс барысындағы барлық программалар мен жүйелерін қолдану және дұрыс істейтіндігін қадағалау
- Департаментке келіп түскен навигациялық шот-фактуралардың дұрыстығын тексеру
ТАЛАПТАР:
- Жоғарғы оқу білімі
- Ағылшын/Орыс тілін еркін деңгейде меңгеру (ауызша, жазбаша)
- Жоғары компьютерлік сауаттылық (Word, Excel, Outlook)
- Командада жұмыс жасай білу
- Уақытты дұрыс ұйымдастыра білу қабілеті
- Коммуникативтік дағдылар (телефон арқылы ақпаратты қабылдау және сараптау, сыпайылық таныту)
- Стресске төзімділік
- Міндеттерді қысқа мерзімде атқара білу
- Мұқияттылық таныту
- Тапсырмаларды тиісті дәрежеде орындау
- Проблеманы шеше білу
- Аналитикалық ойлау қабілеттілігі