Коммерциялық мәселелер жөніндегі басқарушы директор
ҚР заңнамасы, стратегиялық мақсаттар және "Екібастұз 1-МАЭС" ЖШС (бұдан әрі - Серіктестік) ІНҚ шеңберінде даму жоспарын орындау және Серіктестіктің басым міндеттері мен мақсаттарына қол жеткізу мақсатында электр станциясының Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге барлық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге жауапты:
1. Өзекті маркетингтік зерттеулер негізінде серіктестіктің бюджеті мен сатып алу жоспарларын қалыптастыру мақсатында ТЖҚ-ның (тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің) маркетингтік бағаларын айқындауды бақылауға, ТЖҚ нарығындағы бағалар туралы өзекті және шынайы деректерді жинау мен қалыптастыруға талдау жүргізуді бақылауға жауапты;2. Жылдық сатып алу жоспарына сәйкес ТЖҚ-ны уақтылы сатып алу мақсатында ТЖҚ-ны сатып алу іс-шараларының кешенін орындауды мониторингтеуге, сатып алу қызметі бойынша есептілікті қалыптастыруды бақылауға жауапты;
3. Серіктестіктің ТМҚ және ТЖҚ қажеттіліктерін уақтылы айқындауды бақылауға жауапты, серіктестіктің қорларын басқаруды жүзеге асырады, оның ішінде жылдық сатып алу жоспарын қалыптастыруға, ТЖҚ әлеуетті жеткізушілерімен шарттар жасасуға, ТМҚ толықтыру мен сақтауға, қоймалық есепке алуды жүргізуге, тауарлық-материалдық қорлардың сақталуын қамтамасыз етуге, өндірістік процестердің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында логистикалық рәсімдердің орындалуын бақылауға жауапты және серіктестік бөлімшелерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету, ТМҚ артығын (өтімсіздікті) азайту, сондай-ақ ТМҚ айналымын ұлғайту;
4. Жетекшілік ететін бөлімшелердің қызметі туралы өзекті және шынайы есептілікті уақтылы ұсыну мақсатында «Самұрық-Энерго» АҚ-ның сұрауларына сәйкес қаржылық, статистикалық, корпоративтік есептерді жасауға, ақпарат беруге жауапты;
Талаптар:
1. Білім деңгейі / бейіні: экономика/ қаржы/ құқықтану/ техникалық білім саласындағы жоғары білім.
2. Басшы лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі (бейіні/ұзақтығы): кадр резервінде тұрған қызметкерлерді қоспағанда, лауазымның тиісті функционалдық және/немесе салалық бағыттары бойынша кемінде 6 жыл жұмыс тәжірибесі және ірі компаниялардағы және/немесе мемлекеттік құрылымдардағы басшы лауазымдағы жұмыс тәжірибесі (кемінде 5 жыл).3. Сатып алу, маркетинг және шарттық қызметті басқару саласындағы жан-жақты және ауқымды жұмыс тәжірибесі.
4. Сатып алуда тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің маркетингі мен баға мониторингін жүргізу тәжірибесі. Тауарлық-материалдық қамтамасыз ету саласындағы кәсіби білім (ірі компанияда немесе электр энергетикасы саласындағы компанияларда).
5. Негізгі өндіріс үшін жабдықты жеткізу бойынша логистикалық процестерді басқарудың сәтті тәжірибесі.
6. «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ саясатын және «Самұрық-Энерго» АҚ-ның сатып алу саласындағы нормативтік құжаттарын білу. Компанияның қызметін реттейтін, сондай-ақ функционалдық міндеттерін атқарумен байланысты заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді білу.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар