Жобалау жұмыстарының сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі менеджер

«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
22

Қаралған саны:
1699

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:

  • «НКОК Н.В.» компаниясы ЖЖД жобаларын жүзеге асыру мерзімінде жобалық/техникалық тұтастықты қамтамасыз ету. Бұған қоса, барлық жобалау салаларында техникалық қадағалау қызметін атқаруға жетекшілік ету және оған жауапты болу;
  • қолданыстағы және жаңа нысандар бойынша жобаның барлық кезеңдеріне үлес қосу және қолдау көрсету арқылы ЖЖД ІІА кезеңі үшін инженерлік және техникалық сәйкестікті қамтамасыз ету жұмыстарына жетекшілік ету;
  • маңызды құжаттардың техникалық қадағалау қызметімен және/немесе тиісті қызметпен тексерілуін қамтамасыз ету;
  • ІІА кезеңі жобасына қолдау көрсету үшін барлық жобалау жұмыстарын басқару және үйлестіру;
  • сапаға сәйкестікті қамтамасыз ету/сапаны бақылау тобы жұмысын басқару және үйлестіру;
  • тиісті жобаның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін өзгерістерді басқару процесінің бақылау шараларына көмек көрсету;
  • мердігерлер мен қосалқы мердігерлердің ЖЖД жобаны бақылау процестеріне сәйкес Жоба бойынша ДЕҚҚОҚ және сапа саласындағы талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету және аудиттер жүргізу;
  • жобалау келісімшарттарының нәтижелілігін басқару, яғни ДЕҚОҚ, жұмыс көлемін жүзеге асыру, шығын көлемі мен кесте бойынша тұрақты да жоғары көрсеткіштерге жетуді қамтамасыз ету;

Кәсіби біліктілігі мен жұмыс тәжірибесі:

  • техникалық салада (мысалы, химиялық технология, инженерлік механика, азаматтық құрылыс, электротехника, мұнай өндіру технологиясы және т.б.) жоғары кәсіби білімі (ғылым бакалавры дәрежесі) және мұнай-газ саласында жобаны жүзеге асыру бойынша тәжірибесі;
  • түрлі жұмыс алаңдарында жұмыс істеу барысында жиналған кем дегенде 10-12 тиісті жұмыс тәжірибесі, сонымен қатар қолданыстағы/жаңа нысандардағы жобаларда істеген 5 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • химиялық технология және инженерлік механика саласында білімінің болғаны лазым;
  • ДЕҚОҚ және сапа талаптарын сақтауға құштарлық таныту және ДЕҚОҚ және сапа бойынша жетекшілік ету және ДЕҚОҚ және сапа саласындағы көрсеткіштерге қол жеткізу;
  • біліктілікті дамыту, тәлімгерлік ету және жергілікті қамту және шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен алмастыру мәселелеріне құштарлық таныту;
  • құрлық және теңіз кешендерінде, қолданыстағы нысандарда жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыс тәжірибесі болуы тиіс;
  • ЖСС жөніндегі мердігерде (жобалау, сатып алу, салу/қосу реттеу) ұзақ мерзім бойы (яғни кемінде 4 жыл) инженерлік лауазымда жұмыс істеген тәжірибесі;
  • коммерциялық және келісімшарттық мәселелер бойынша қырағылық: жүзеге асыру және келісімшарт жасау стратегияларын әзірлеу және келісімшарт берілгеннен кейін келісімшартпен жұмыс істеу бойынша тәжірибесі (келісімшартты басқару, шағымдар сомасын азайту мақсатында келіссөздер жүргізу, келісімшартты жабу) болғарын лазым;
  • жобаларды жүзеге асыру кезінде бизнестің тиімділігін арттыру тәжірибесі және ынтасы;
  • жобаны басқару жүйелері және жобаның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету бойынша дағдылары.

Жұмысқа қажетті білімі мен дағдылары:

  • жігерлі, жұмысқа қабілетті, шешім қабылдауға, тапсырысшымен жұмыс істеуге бағытталған болу және әр түрлі және кей жағдайларда күрделі қарым-қатынастар жасау дағдысы;
  • түрлі мәдениет өкілдерінен құрылған ұжымда жақсы жұмыс істеу үшін расталған жетекшілік ету және керемет топ құру қабілеті;
  • табанды, икемді, өз-өзіне сенімді болу, әсіресе мердігерлермен жұмыс істеу кезінде адуынды болу;
  • ағылшын тілінде жеңіл, тиімді, сыйластықпен және сенімді қарым-қатынас жасау дағдысы,
  • сан алуандылықты бағалау, өзінің және өзгелердің мықты тұстарын айыра білу;
  • инженерлік-техникалық тәжірибе, инженерлік-техникалық стандарттар, озық тәжірибе мен жүйелер жөнінде білімі болуы тиіс және оларды Қашаған кен орнын игеру жұмыстары барысында қолдануы тиіс;
  • өзгерістерді басқара білуі; инженерлік-техникалық процестер мен стандарттарын жүйелі түрде қолданылуын қамтамасыз ету үшін кәсіби мамандармен тез қарым-қатынас жасау қабілеті болуы;
  • тапсырыс берушіге назар аудара жұмыс істеу және мүдделі тараптармен өзара әрекеттесуді басқару: Лауазым иесі жобаны жүзеге асыруға көмектесу үшін түрлі денгейдегі әртүрлі мүдделі тараптар мен компанияның бөлімдері арасында түрлі деңгейде келісушілікті қамтамасыз ете білуі тиіс;
  • нақты және расталған жұмыс тәжірибесінің болғаны маңызды;
  • жобаны әзірлеу процестері мен стандарттарын жүйелі қолдану мақсатында көпбейінді қызметтерді басқару және қызметтегі мамандармен тез қарым-қатынас құру қабілеті;
  • ҚР жобалау және құрылыс нормалары жөніндегі білімінің болғаны лазым;
  • халықаралық стандарттар, озық тәжірибелер мен жүйелер, белгіленген желілер жөнінде терең білімі және оларды Қазақстанда қолдана білу;
  • компьютермен жұмыс істеу (Word, Excel, Outlook) дағдысы.

Қажетті қабілеттер

  • Технический контроль производства
  • Управление командой
  • нефтяная инженерия

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Кәсіби)
  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)