«Теміржолсу-Алматы» ЖШС 1-топ қазандық Достық бригадирі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау;
- Мына функцияларды орындауға тікелей бағытталған міндеттерді орындау:
- -Учаске басшысынан жөндеу және пайдалану бойынша өндірістік тапсырмаларды алу;
- -қазандық жүйесі мен жылу желілерінің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- - Жұмысшыларға олардың біліктілігін ескере отырып міндеттер қою және жұмысшыларды жұмыс орындарына бөлу.
- -Тапсырмаларды уақытылы орындауға кедергі келтіретін кемшіліктерді жедел анықтау және жою;
- -Қауіптілігі жоғары жұмыстарға тікелей бақылауды жүзеге асыру;
- -Қазандық жабдықтар мен жылу желілерін жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру;
- - қазандық пен қосалқы жабдықты жұмыс жағдайында ұстау, профилактикалық жөндеу жұмыстарын дер кезінде ұйымдастыру;
- -Өндірістік кестелерді әзірлеуге қатысу, кестелер бойынша қазандық қондырғыларының біркелкі жұмысын қамтамасыз ету;
- Білімі: жоғары кәсіптік білім
- Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр жылжымалы құрам); Көлікті (темір жол көлігі) тасымалдауды, қозғалысын және пайдалануын ұйымдастыру; Электротехника (радиотехника, электроника және
телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы өнеркәсібі; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау - Жұмыс тәжірибесі: тәжірибе қажет емес
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы