Full-stack бағдарламашы
«Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Алгоритмдерді, ақпараттық жүйелер мен қосымшаларды, сайттарды жасау;
- Жүйелерді интеграциялауға қойылатын талаптарды жобалау және жасау;
- Серверлерді өрістету, қызмет көрсету және жаңа өнімдерді біріктіру;
- АТ платформаларында бағдарламалық кодты жасау;
- Дерекқор ресурстарын ұлғайту және ескірген ақпаратты жаңарту;
- Ақпараттық технологиялар бойынша мәліметтер базасын талдау.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар/ жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика/ техникалық ғылымдар және технологиялар/ аралас мамандықтар саласындағы жоғары білім.
- Ақпараттық технологиялар саласында сертификаттаудың/ сертификаттардың болғаны жөн.
- Ақпараттық жүйелерді (бағдарламалық қамтылымды) және веб-қосымшаларды (Full-stack бағдарламашысы) жасау саласындағы жалпы жұмыс өтілі кемінде 2 (екі) жыл. «Самұрық-Қазына» АҚ тобында жұмыс тәжірибесінің болғаны мақұлданады.
Білім мен дағдыларға қойылатын талаптар:
- «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- АТ мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық және нормативтік құқықтық актілері.
Арнайы және мамандандырылған білім:
- Front-end жасау білімі;
- Back-end жасау білімі;
- JS, HTML, CSS бағдарламаларын пайдалану және жасау білімі;
- Кодтар мен жаңартуларды, ескірген деректерді түзету қателерін шешудегі білім;
- Экономикалық есептеу алгоритмдерін әзірлеу әдістерін білу;
- Интерфейсті дамыту туралы білім;
- Компьютерлік техникамен, оның ішінде арнайы ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу негіздерін білу;
- Еңбек заңнамасын, ішкі еңбек тәртібін, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды, өндірістік санитарияны, өрт қауіпсіздігі талаптарын білу;
- Шартта көзделген нәтижелердің шарт талаптарына сәйкестігіне сараптама жүргізу әдіснамасын білу;
- Телефон арқылы келіссөздер жүргізу негіздері.
Дағдылар мен құзыреттер (функционалдық):
- JS, HTML, CSS, Jquery-мен жұмыс істей білу;
- Python-да жұмыс істей білу;
- PHP, SQL, PostgreSQL-ді білу;
- js, Laravel-ді білу;
- FTP servers-ті білу;
- Open Servers-ті білу;
- Кросс-шолғыш, адаптивті беттеу дағдылары;
- Microsoft Office бағдарламалар пакетімен жұмыс істеу дағдылары;
- Үлкен көлемдегі ақпаратпен жұмыс істеу, сондай-ақ үлкен көлемдегі ақпаратты өңдеу дағдылары;
- Аналитикалық жұмыс дағдылары;
- Ішкі құжаттардың жобаларын әзірлеу дағдылары;
- Іскерлік хат алмасу және презентация жүргізу дағдылары;
- Ауызша және жазбаша қарым-қатынас дағдылары.
Құзыреттер (тұлғалық):
- Нәтижеге бағдарлау;
- Командада жұмыс істеу;
- Процестерді талдау қабілеті;
- Тұрақты өзін-өзі дамыту;
- Уақытты басқару дағдыларының болуы;
- Тиімді байланыс;
- Ұйымдастыру қабілеті;
- Жауапкершілік;
- Өзгерістерді басқару.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр