Арнайы жобалар менеджері
ТОО "Мобайл Телеком-Сервис" (Объединенная Компания Tele2/ALTEL) Алматы қ.- Құрылған күні:
-
20.09.2023
- Берілген өтінім:
- 13
- Қаралған саны:
- 881
Тәжірибесі және машықтары:
· Маркетинг көрсеткіштері мен терминдерін жақсы білу;
· Жобаларды жүргізу;
· Медианы білу, жарнама агенттіктерін басқару;
· Ұзақ мерзімді бюджетті жоспарлай білу және өзінің жобаларында оларды басқару;
· Білімі: Ағылшын тілі B2 — орташа-ілгерінді деңгей, MS PowerPoint және MS Exell жетік меңгеру;
· Жаңа жұмыс құралдары мен бағдарламаларын меңгеруге дайын болу.
Міндеттері:
· Арнайы жобаларды жасауға жауап береді: арнайы жобалар бойынша стратегия қалыптастырады және жобалау жоспарын жасайды, шешімдерді, құралдарды және белсенділікті айқындайды.
· Маркетингтік стратегия жөніндегі менеджермен бірлесе отырып, арнайы жобалар бойынша брифтерді жасайды, агенттіктерді маркетингтік арнайы жобаларды әзірлеуге брифингтейді және тиісті жобалар бойынша орындау процесін үйлестіреді.
· Жұмыс мерзімдері көрсетілген кестені бекітеді және орындалуын бақылайды.
· Бюджеттеуге жауап береді, шығындардың тиімді бөлінуіне және мақсаттарға жету жолында оңтайландырылуына жауапты болады: бекітілген бюджет шегінде жобаларды жасау және іске асыру бойынша барлық нақты шығындарды бақылауда ұстайды.
· Жобалардың өңірлерде жергілікті іске асырылуының сапасы мен тиімділігін бағалау мақсатында уақ-уақ далалық іс-сапарларға шығады, бұған қоса, тұтынушылармен сөйлеседі, сауда нүктелерін аралап көреді, байланыс орталығына барады.
· Бақылау нәтижелерін жинайды және іс-әрекетке кірісу үшін тиісті департаменттерге каскадтайды.
· Агенттіктің (агенттіктердің) және жобалар бойынша жеткізушілердің жұмысын бағалайды.
· Белгіленген мерзімдерге үлгеруді бақылау үшін агенттікпен/агенттіктермен статус-есебін жүргізеді.
Біз не ұсынамыз:
· Тұрақты жалақы және жылдық лайықты сыйақы;
· Корпоративтік ұялы байланыс;
· 28 күнтізбелік күннен тұратын еңбек демалысы;
· Қосымша медициналық сақтандыру;
· Нарықтағы үздік провайдерлерден білім алу;
· MyBook-ке тегін жазылу.