4-разрядты экскаватор машинисі 0,5 бірлік, 4-разрядты тиегіштің жүргізушісі 0,5 бірлік (№76-17-19-1816 от 07.09.2023 г.) 1 ед., г.Курчатов.

«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
863

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

-

Білім:

Орта білімнен төмен емес, тиісті кәсіптік даярлығының болуы

Дағдылар:

4-разрядты экскаватор машинисі меңгеруі керек: -аршу, өндіру, қайта экскавациялау, тазарту, үйінді және тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде сыйымдылығы 0,40 м3 дейінгі шөміші бар бір шөмішті экскаваторды басқару; -тау массасы мен топырақты қазу; -қоймаларда, көлік құралдарында, үйіндіге отын мен түрлі материалдарды тасымалдау; -тау массасын, топырақты карьердің бортына немесе үйіндіге тасымалдау; -кенжарды, жоғарғы және төменгі жиек алаңдарын жоспарлау; -жұмыс барысында экскаваторды жылжыту; -жүріс механизмдерін реттеу; -тау-кен массасын автомобильдермен тасымалдау кезінде қойма бұрышының тиісті мөлшеріне аралық темір жол қоймаларындағы кертпештерді аршу, соңғы контур бойынша кертпештерді аршу бойынша жұмыстар жүргізу, дренаждық арықты қазу; -шұңқырдағы өлшемді тазарту; -кенжардың техникалық дұрыс қазылуын қамтамасыз ету және экскаваторды тиімді пайдалану; -топырақты қабатымен қазу; -тау-кен массасын сорттары бойынша қазуды қамтамасыз ету; -пайдалы қазбалар мен жыныстарды темір жол құрамдарына, думпкарларға, платформаларға, автомашиналарға және бункерлерге тиеу; -тау жыныстарын дайындағн кеңістікте және үйіндіде жинау; -кенжарды селективті қазу өндірісі; -экскаватор трассасын көлденеңін дұрыс түсіру; -тау жыныстарынан көлік құралдары мен темір жолдарды тазарту; -қуат кабелінің жерге қосылуын және желіге қосылуын тексеру; -бу экскаваторын жабдықтау; -экскаваторды жанар-жағармай материалдарымен және сумен толтыру; -өлшеу құралдарының көрсеткіштерін, арқандардың беріктігін, қозғалтқыштардың бекітілуін, тежегіш құрылғыларын бақылау; -жүріс механизмдерін сынау; -шөмішті жабысқан топырақтан тазалау; -экскаватордың астына төсеніш пен тақтатас қалқандарын төсеу; -белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу; -экскаваторды профилактикалық тексеру және жөндеуге қатысу. Арық қазғышты басқару; -экскаватордың (тиеу құрылғысы, кабельдік қозғағыш және басқалар) ауыстырылатын қондырмалы жабдығына қызмет көрсету; -экскаваторларды жөндеу кезінде матау және такелаж жұмыстарын орындау. 4-разрядты тиегіштің жүргізушісі меңгеруі керек: -қуаты 73,5 кВт-қа дейінгі (100 а. к. дейін) тракторлық тиегіштерді, вагон тиегіштерді, вагон түсіргіштерді және жүктерді тиеу, түсіру, жылжыту және қатқабатқа және үйіндіге салу кезінде барлық арнайы жүк түсіру механизмдері мен құрылғыларын басқару; -тиегішке техникалық қызмет көрсету және оның барлық механизмдеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу; -тиегіштің жұмысындағы ақауларды анықтау; -алмалы-салмалы жүк қармау құрылғылары мен механизмдерін орнату және ауыстыру; -тиегішті, жүк қармау механизмдері мен құрылғыларын жоспарлы-алдын ала жөндеуге қатысу.

Қосымша:

4-разрядты экскаватор машинисі білуі керек: -қызмет көрсетілетін экскаваторлардың құрылысы мен техникалық сипаттамаларын; -экскаватордың механикалық, гидравликалық және электр жабдықтарының жұмыс принциптерін; -экскаваторларды теңестіру ережелерін; -экскаватордың ұтымды жұмыс режимдері мен көсіп алу әдістерін; -ауыр және жеңіл топырақты игеру кезінде экскаватор механизмдерін басқару әдістерін; -кенжарда жерасты жағдайында, жер бетіндегі тау-кен массасы мен топырақты игеру ережелерін; -кенжарды әзірлеу тәсілдерін; -пайдалы қазбалардың сорттары бойынша айыру; -дала жағдайында және ойлы-қырлы жерлерде қозғалыс ережелерін; -терең кенжарлардағы қуатты экскаваторлармен топырақты қазу ерекшеліктерін; -ашық тау-кен жұмыстарын жүргізу және учаскенің (қиманың) тау-кен геологиялық сипаттамасы туралы негізгі мәліметтер; -көшкін құбылыстарының белгілерін; игерілетін тау жыныстарының физикалық-механикалық қасиеттерін және пайдалы қазбалардың тау жыныстарынан айырмашылығын; -дөңдерді қазу, кенжар желісін әзірлеу және жүргізу ережесін; -қазу жүйесіне және жағдайларына байланысты экскавацияның әртүрлі тәсілдерін қолдану әдістерін; -экскаваторды электр желілеріне қосу ережелерін; -қолданылатын өлшеу құралдары мен автоматты құрылғылардың жұмыс принципі мен мақсатын; -ауыстырылатын аспалы жабдықпен жұмыс істеу ерекшеліктерін; -тау-кен массасы мен топырақты темір жол құрамдарына, думпкарларға, автомашиналарға және конвейерлік желілердегі бункерлердің люктеріне тиеу ережесін; -көлік, құбыр төсеу жұмыстарын жүргізу ережесін; -белгіленген құжаттаманы жүргізу ережесін; -экскаватор жұмысындағы ақаулардың себептерін және оларды жою әдістерін; -экскаваторды жөндеу, монтаждау және бөлшектеу түрлерін; -тез тозатын экскаватор бөлшектері мен тораптарының конструкцияларын және оларды ауыстыру тәртібін; -электротехника, автоматика, электр және телебасқару негіздерін; -негізгі жұмысты орындайтын экскаватор машинисінен бір разрядқа төмен тарифтелетін электрслесарь (слесарь) білімінің көлеміндегі электрслесарь ісі; -дәнекерлеу, такелаж және жүк ілдіру жұмыстарының технологиясын. 4-разрядты тиегіштің жүргізушісі білуі керек: -тиегіштер мен аккумуляторлық батареялардың құрылғысын; -көліктің барлық түрлерінде жүктерді тиеу және түсіру тәсілдерін; -жүктерді көтеру, орнын ауыстыру және жинау ережелерін; -жол қозғалысы, кәсіпорын аумағы мен кемежай жолдары бойынша қозғалыс ережелерін; -жанар-жағармай материалдарының қолданылатын сорттарын; аккумулятор өндірісінің негізгі материалдарының атауларын; -қышқылдар мен сілтілермен жұмыс істеу ережелерін.

Білетін тілдер:

-