Атырау локомотив пайдалану депосының негізгі депо кезекшісі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
II. Лауазымдық міндеттері:2. Негізгі депо кезекшісі міндеттері, жұмыс орны - Атырау қаласы;
2.1. үстел үсті ТУ-1 формадағы журналға шұғыл есеп құжаттарын, локомотив паркінің саны мен жағдайын, тепловоздардың қолданылу көрсеткіштерін сұрап, тіркеп, белгіленген тәртіппен жазып кіргізу;
-Қауіпсіздік материалдарын, ҚР темір жол көлігін техникалық пайдалану Ережелерін, ҚР поездардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі Нұсқаулықты, ҚР темір жолдарындағы белгі беру Нұсқаулықты, басқа да локомотив бригадаларының міндеттеріне қатысты нормативтік актілер мен құжаттарды, локомотивті қолданудағы өндірістік санитария мен техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ережелері талаптарын білу және қолдану;
- Құрама жұмысының жоспарға сәйкес тәртібі бойынша тепловоздарды пайдалану мен беруді жүзеге асыру;
-Локомотив диспетчерінің 3 сағат сайынғы поездарды жөнелту жоспарын бұйрық беру тәртібімен поезд номері мен жөнелтілу уақытын көрсетіп тіркеу;
-поездардың жоспарлы келу және жөнелтілу уақыттары мен локомотив бригадаларының нормаға сәйкес демалыстарын сақтай отырып, жұмысқа шақыртуды қамтамасыз ету;
- Поездың уақытында келмей немесе тоқтату себептері болған жағдайда келесі бригаданы уақытында жұмысқа келу уақыты мен өзгерістер болғанын хабардар ету;
-ТҚ және ЕҚ бойынша мақсатты нұсқаулықтар тіркелетін журналға жұмыс алды және ауысым алды нұсқаулық өткені туралы белгілеу;
- Локомотив бригадаларымен түскен телеграфтық нұсқаулықтар, факсограммалар және таныстыруға тиісті материалдар бойынша рейс алды нұсқаулар өткізу. Өткізілгені туралы журналға тіркеу;
- Сонымен қатар, локомотив бригадаларының құжаттарын тексеру ( формулярлары, қызметтік құжаттары, ТҚ және ЕҚ құжаттары);
-№ 3,6,7 техникалық қызмет көрсетуден кейінгі депо қабылдаушысының дайындық беруіне сәйкес тепловоз дайындығын есепке алу кітабына тіркеу;
2.2. Машинистердің ескерту кітабы мен "Жолда адам" ақпарат жүйесі бойынша тіркеу кітабында жазбалардың жазылғаны мен сәйкестігін қадағалау. Барлық поездардарда қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіретін жағдайларды депо басшылығына және қатысты қызметтерге хабарлау;
2.3. Әрбір депода ағытылған тепловозда ОКДЛ бағдарламасының жүзеге асуын қадағалап, қызмет көрсету;
2.4. Пайдаланудағы тепловоз паркінің жағдайы мен мазмұны туралы депо басшылығы мен шұғыл бөлімдерге уақытында хабарлау;
2.5.Интегральды менеджмент жүйесі бойынша жұмысқа қатысу;
2.6. Әртүрлі жұмыс барысында алынған сапа көрсеткіштері мен талаптардың орындалуына байланысты шығарылған өкімдер бойынша талқылау жазбаларын жүргізу;
2.7. Филиалдың ,бөлімшенің ағымдағы сапа бойынша нұсқаулықтар мен методикасын жасақтаудағы жұмысына қатысу;
2.8. Жұмыс барысында ( жұмыс басындағы, жұмыс барысындағы, жұмыс аяғында) барлық анықталған олқылықтар мен кемшіліктер басшылыққа хабарланады;
- Екі түн қатар жасаған локомотив бригадасын түнгі жұмысқа , локомотивті бір тұлғада басқаратын машинисті - қатар екінші түнгі ауысымға алуға жол бермеу;
- Үш айдан артық жұмыста үзіліс болған машинисті немесе машинист көмекшісін алдын ала нұсқаулықтан өтпей, КИП жасалмай, машинист-нұсқаушының жұмыс жасайтын телімге дербес жұмыс жасай алатыны туралы қызметтік формулярына жазылған тұжырымы болмай жұмысқа жібермеу;
-Жұмыс өтілдері бір жылға дейінгі тепловоз машинисі мен машинист көмекшісін бірге жұмысқа алдырмау;
- Тағайындалған тәртіп бойынша кезекті апталық демалысынсыз бригаданы жұмысқа тағайындауды болдырмау;
-Локомотив бригадаларын 16 сағаттан кем уақыттан жұмысқа алдыруды болдырмау;
-Жұмысқа шақырылған локомотив бригадаларының уақытында электронды маршрутын ашу және жұмыс аяғынан кейін ЭММ ді жабу;
- АСУ ЭДТ және ЭММ жобасын уақытында қосу және орындау;
Біліктілік талаптары:
1.18. Лауазымдық талаптары:1.19. Білімі: жоғары ( жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім)- 1 жылдан кем емес; орта ( техникалық және кәсіби) - 3 жылдан кем емес;
1.20. Мамандығы: Транспорт, транспорттық техника және технология, техникалық қызмет көрсету, теміржолдағы қозғалыс құрамаларын жөндеу және пайдалану, темір жол техникасының машинисі;
1.21. Жұмыс өтілі,
Қосымша талаптар:
1.22. Қосымша талаптар: компьютермен, көшіріп-көбейту техникаларымен және байланыс құрал жабдықтарын қолдана білу;Қажетті қабілеттер
- - Коммуникабельность, ответственность, исполнительность, мобильно
- - Ответственно и внимательно выполняю поставленную перед собой задачу
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)