"ҚТЖ "ҰК" АҚ "Ақмола магистральдық желінің бөлімшесі" филиалының Жаңа-Есіл жол дистанциясы №1 өндірістік учаскесі бастығының орынбасары

358606 - 375649
Жана-Есильская дистанция пути (ПЧ-14) Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
593

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • жол мен жол төсемін жөндеу және ағымдағы күтіп ұстау бойынша орындаудың оңтайлы тәсілдерін талдау;
  • жолдың жоғарғы құрылысын және жер төсемін жөндеумен және ағфымдағы күтіп ұстаумен айналысатын қызметкерлердің біліктілік деңгейін бағалау;
  • жолдың жоғарғы құрылымын және жер төсемін жөндеу және ағымдағы күтіп ұстау бойынша жұмыстарды орындау кезінде туындайтын стандартты емес жағдайларда шешімдердің оңтайлы нұсқаларын қолдану;
  • КС және МДК өту нәтижелерін талдау;
  • жолдың жоғарғы құрылысын және жер төсемін жөндеу және ағымдағы күтіп ұстау кезінде пайдаланылатын шағын механикаландыру құралдарының жай-күйін бағалау;
  • жолдың жоғарғы құрылысын және жер төсемін жөндеу және ағымдағы күтіп ұстау сапасына бақылау жүргізу кезінде өлшеу құралдары мен аспаптарын пайдалану бойынша жұмыстардың орындалу;
  • жолдың жоғарғы құрылысын және жер төсемін жөндеу және ағымдағы күтіп ұстау бойынша жұмыстардың орындалуын бақылау кезінде ЖҚҚ қолдану;
  • жөндеу және ағымдағы жұмыстарды орындау кезінде бұзушылықтардың себептерін талдау;
  • қаржылық-эконмикалық құжаттармен, техникалық нормативтермен жұмыс істей білу.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Экономика; Менеджмент; Қаржы;
  • Жұмыс тәжірибесі: теміржол көлігі ұйымдарында кемінде 3 жыл
Қосымша талаптар:
  • компьютерлік бағдарламаларды білу (Word, Excel) ИСМ талаптарды меңгерген.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)