"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Павлодар көлік оқу орталығы" филиалының экономисі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Оқу орталығының еңбек, кіріс, шығыс және әлеуметтік төлемдер жоспарларының жобаларын әзірлейді және қалыптастырады, оларға есептеулер мен негіздемелерді дайындайды; қажет болған жағдайда шығыстар жоспарына уақтылы түзетулер енгізеді (бюджет жобасын қалыптастырады), персоналдың нормативті санын қорғайды;
- Еңбек есептерін құрастырады: Еңбек талдауы, УТО-1, ұлттық статистикалық есеп (форма 1-Т, 2-Т проф) ай сайын,тоқсан сайын,жылына уақытында;
- Ай сайын әр айдың 6-күніне дейін кіріс, шығыс және еңбек жоспарының бюджетінің атқарылуына факторлық талдау жүргізеді;
- ПВД бойынша есеп жасайды (аванстық төлемдерді есептеу);
- Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп дайындайды;
- Өндірістік бағдарлама бойынша кірісті бақылайды;
- Жалақыны қаржыландыруға өтінімдер жасайды;
- Жұмыстар мен қызметтерді электр энергиясы мен басқа да шығындарға төлеу үшін құжаттар пакетімен (келісім бойынша) қаржыландыруға өтінімді қалыптастырады;
- № 37-С бұйрығына сәйкес аванстық төлемдерді есептеуді қаржыландыруға өтінімді қалыптастырады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары кәсіби.
- Мамандығы: есеп және аудит, қаржы, экономика және менеджмент.
- Жұмыс өтілі: қызмет саласында кемінде 1 жыл және темір жол көлігі кәсіпорындарында – 6 айдан кем емес.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Бастапқы)