Станция бастығы (байланыс желісі округі). Жамбыл, ҚТЖ ҰК АҚ филиалының Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясы учаскесі – Жамбыл магистральдық желі филиалы

382421 - 401685
Жамбылская дистанция электроснабжения Жамбыл облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
1028

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:

  • Бекітілген жабдықтың) және басқа да негізгі құралдардың техникалық дұрыс жұмыс істеуін және олардың жөндеу кестесінің сақталуын, қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді;
  • Цех жұмысшыларының, оның ішінде арнайы өздігінен жүретін жылжымалы қондырғылардың (ӨҚҚҚ) машинистерінің техникалық оқуын ұйымдастырады, шеберлік мектептерін өткізуге қатысады, цех жұмысшыларының біліктілігін арттыру жұмыстарын ұйымдастырады. Аға электриктердің жұмысын үйлестіреді.
  • Еңбек жағдайларын және санитарлық шараларды жақсарту жоспарын жасауға қатысады.
  • Цехты материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша жыл сайынғы сұраныстарды дайындауға қатысады.
  • Қызметкерлердің еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын, өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек тәртібін, өрт қауіпсіздігін сақтауын бақылайды.
  • Жеке қорғаныс құралдарымен, жұмыс киімімен және қауіпсіздік аяқ киімімен қамтамасыз етілуін және пайдаланылуын бақылайды.
  • Жұмыс орындары мен тұрмыстық үй-жайларды еңбек қауіпсіздігі стандарттары мен ережелеріне сәйкес күтіп ұстауды қамтамасыз етеді.
  • Қажетті материалдармен, жабдықтармен және қосалқы бөлшектермен жабдықталған көлік және қосалқы құралдардың (вагондар, автокөліктер және т.б.) тұрақты дайындығын қамтамасыз етеді.
  • Қосалқы бөлшектердің, материалдардың және отынның болуы мен пайдаланылуын және олардың уақытылы толықтырылуын қадағалау.
  • Жұмыс туралы бұйрықтар мен өкімдер жасайды, қызмет көрсететін персоналға қауіпсіздік ережелері мен белгіленген жұмыс технологиясы бойынша нұсқау береді.
  • Белгіленген техникалық құжаттаманың сақталуын және жағдайын бақылауды және цехтың есеп беруін жүзеге асырады.

Біліктілік талаптары:

  • Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, орта техникалық, орта кәсіптік.
  • Мамандығы: Электр энергетикасы; Темір жолдардың электр жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу; Салалар бойынша электр және электромеханикалық жабдықтар; Темір жол жүйелерінің электр және электромеханикалық жабдықтарын техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу, Электр станцияларының, қосалқы станциялар мен желілердің электр жабдықтары.
  • Жоғары білімі бар жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес электромеханик мамандығы бойынша, орта техникалық немесе орта кәсіптік білімі бар болған жағдайда 2 жылдан кем емес электромеханик мамандығы бойынша.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Колледж