Инженер (Ұңғыларды Күрделі Жөндеу) 2 санатты

«Казақтүрікмұнай» ЖШС Ақтөбе қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
21

Қаралған саны:
1100

   Конкурс туралы

Білімі (мамандығы/біліктілігі)

Тиісті мамандық бойынша жоғары кәсіптік (техникалық)

Қызмет бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі

Ұңғымаларды бұрғылау және күрделі жөндеу бағыты бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл

 

-

 

-

Лауазымдық міндеттерін орындау үшін қажетті білім, дағдылар:

  1. Серіктестіктің жер қойнауын пайдалану саласындағы қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер;
  2. Серіктестік құрылымының бейіні, мамандануы және ерекшеліктері;
  3. Серіктестіктің техникалық, экономикалық және әлеуметтік даму перспективалары және бизнес-жоспары;
  4. Серіктестіктің өндірістік қуаттары;
  5. Серіктестіктің өнім өндіру технологиясы;
  6. Серіктестіктің өндірістік-шаруашылық қызметінің жоспарларын жасау және келісу тәртібі;
  7. Шаруашылық және қаржы шарттарын жасау және орындау тәртібі;
  8. Өндірістің тиісті саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер және озық кәсіпорындардың тәжірибесі;
  9. Экономика, еңбекті, өндірісті және басқаруды ұйымдастыру;
  10. Экологиялық заңнаманың негіздері;
  11. Еңбек заңнамасының негіздері;
  12. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрттен қорғау ережелері мен нормалары.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

2-санатты инженер (ҰКЖ) өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Серіктестіктің жарғысын, бөлім туралы ережені, Серіктестіктің ішкі құжаттарын және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Самұрық-Қазына» АҚ басқа да актілерін басшылыққа алады.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:

1) Бөлімнің  жетекші инженерімен бірлесіп, күнделікті қорытындыларды зерделеу және талдау, қорытындыларды мұрағаттау, ТМҚ (тауарлық-материалдық құндылықтар) қажеттіліктерін айқындау.

2) ҰКЖ өткізу үшін қажетті материалдар, жабдықтар, көрсетілетін қызметтер үшін тендер сұраныстары және оларды уақытына тапсыруды қамтамасыз ету.

3) тапсырыс берілген материалдарды, жабдықтар мен қызметтерді ілгерілетуді қоса алғанда, өтінімдерді қадағалау бойынша апта сайынғы есепті дайындау.

4) тендерге нұсқаулықтар мен техникалық тапсырмаларды дайындау бойынша жұмыс.

5) ұңғымалар туралы тоқсандық есептер үшін ақпарат дайындау.

6) ҰКЖ бригадаларының қозғалыс кестесін жасау.

7) өндіру және айдау қорында ҰКЖ бағдарламаларын, геологиялық-техникалық нарядтарды дайындау.

8) бөлім қызметінің бағыты бойынша материалдарға, жабдықтарға жылдық қажеттілікті әзірлеуге қатысу.

9) бөлімнің іс қағаздарын жүргізу.

10) осы лауазымдық нұсқаулықта көзделмеген ҰКЖ бөлімінің функцияларына тікелей қатысы бар өзге де міндеттерді орындау.

11) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде іскер стиль киім киюге міндетті.

12. Ұңғымаларды бұрғылауға арналған техникалық жобаларды әзірлеуге техникалық тапсырмаларды дайындау.

13. Ұңғымаларды жөндеу (оның ішінде аулау-авариялық жұмыстар) және бұрғылау бойынша жұмыстардың жүргізілуін бақылау.