Локомотивтік сигнализация құрылғыларын күту бригадасының радиобайланыс электрмеханигі

от 150861
Уральская дистанция сигнализации и связи Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
288

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  1. Бақылаудың бірінші кезеңін өткізу, еңбекті қорғау күндеріне, дистанцияның көктемгі және күзгі тексерулеріне қатысу ;
  2. Бастапқы өңдеумен айналысады, аппаратуралар, ашу, тазалау, корпусқа қатысы бар және өзара ток өткізгіш бөліктердің  оқшаулауын өлшеу;
  3. Толық жөнделген және реттелген құрылғылардың механикалық және электрлік ТУ сипаттамаларына сәйкестігін тексеру.
  4. Басшылықтан тиісті рұқсат алмайынша, кепілдік мерзімі ішінде жұмыс істемейтін құрылғыларды ашуға болмайды; 
  5. Жеке қорғау құралдарының болуын және пайдаланылуын , жұмыс киімін, қауіпсіздік аяқ киімін және басқа да жеке қорғану құралдарын сақтау, беру және сынау ережелерінің сақталуын тексеру.
  6. Құрылғылардың техникалық жай-күйінің нормалары бұзылған немесе ауытқулар анықталған жағдайда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін сақтай отырып, оларды мүмкіндігінше тезірек жою жөнінде шаралар қабылдауға; 
  7. Тек бекітілген техникалық құжаттамаға сәйкес қызмет көрсетілетін құрылғыларға өзгертулер енгізу жұмыстарын жүргізу
  8. Теориялық және практикалық қызмет көрсетілетін құрылғыларды және жұмыс ережелерін білу, сонымен қатарқұрылғы параматетрлерін өлшей және реттей алу, монтаждау және жөндеу жұмыстарын жүргізу дағдыларының болуы; жүйелі түрде білім деңгейін көтеру, өз тәжірибесімен  және білімімен қарамағындағы қызметкерлермен бөлісу.                           
  9. Қорғаныс құралдарын ауыстыру жиілігін білу және оларды уақытылы тексеру;
  10. Құрылғылардың дұрыс техникалық жай-күйінің нормаларынан ауытқулар немесе ақаулар анықталған жағдайда, оларды мүмкіндігінше тезірек жоюға шаралар қабылдауға , қызмет көрсетілетін аймақта олардың қайталануын болдырмау үшін ақаулықтардың себептерін анықтауға, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмыс ережелерін сақтауға. Өзі ақауды табалмаған жағдайда байланыс диспетчеріне жедел хабарлауға, нәтижесін журналға жазуға міндетті.
  11. КРП құрылғыларын күтудің жылдық және төрт апаталық кестесі бойынша жұмысты жоспарлау.
  12. Байланыс құрылғыларының жағдайындағы және есептерде, радио және ҮАЛС  журналдарында белгіленген кемшіліктерді дер кезінде жоюды ұйымдастырады және практикалық көмек көрсетеді. Сонымен қатар, сенімділікті арттыру бойынша жұмыстарды жүргізу және  байланыс құрылғыларының жұмысындағы ақаулардың қайталануын жоюға бағытталған шараларды жүзеге асыру.
  13. Қысқы еңбек жағдайына өз бекітілген телімінде құрылғыларды  уақытылы және сапалы дайындау;
  14. Қызмет көрсетілетін құрылғылардың техникалық құжаттамасы болуы, оларды ретке келтіру және қолданыстағы құрылғылардың бекітілген құжаттамаларына сәйкестігін қамтамасыз ету;ШУ-2 Журналында көрсетілген комиссиялы, жеке тексерістер нәтижесінде анықталған жетіспеушіліктерді электрмонтердің уақытылы және сапалы орындауына бақылау жүргізу;
  15. РТУ және КРП жұмысшылармен бірігіп, радио және ҮАЛС  құрылғыларына алдын алу жұмыстарын жүргізу.
  16. ГТП сәйкес ҮАЛС , локомотивтегі радио, ССПС, қар тазарту техникасын, ВП және өрт пойызын тексеру кезінде КП ҮАЛС электрмеханиктерінің жұмысын бақылау;
  17. Расщифровщик жұмысын, кеңсе жұмысын, КР қабылдау және беру, КР дешифрациясын жүргізу тәртібін, электрондық журнал жүргізуді, журналдар мен хаттамаларды жүргізу жіне сақтау, анализдерді құруды бақылау.

Біліктілік талаптары:

Білімі

орта-техникалық (белгіленген бағдарлама бойынша және орнайы дайыдау) .

Мамандық

Темір жол көлігіндегі автоматика телемеханика.
Темір жол көлігіндегі радиотехника, электрондау және телекоммуникации .
Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс.

Опыт работы

не менее 2 года в должности электромонтера

Қосымша талаптар:

темір жол көлігін басқару саласы бойынша жалпы талаптарды білу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж