1 санаттағы ЭХҚ жөнінде инженер

"Ақтау" Магистральды газ құбырлары басқармасы филиалы Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
21

Қаралған саны:
1467

   Конкурс туралы

Міндеттер:

  • өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік санитария, қоршаған ортаны қорғау бойынша НТҚ және қоғамның стандарттарына, ҚР НҚА талаптарына сәйкес филиалдың құрылымдық бөлімшелерінде МГҚ, ГТС және газ бұру құбырлардың желілік бөлігінде ЭХҚ құралдары мен электр жабдықтарын дұрыс пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін әдістемелік көмек және ұйымдастырушылық-техникалық қолдау көрсетеді.
  • ЭХЗ құралдарының техникалық жай-күйі, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ақпаратты талдайды. Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің ЭХҚ құралдары мен электр жабдықтарының МГҚ, ГТС және газ бұру құбырлардың желілік бөлігінде үздіксіз жұмыс істеу мәселелерін үйлестіреді.
  • қоғамның ОА-ның талабы бойынша жедел, талдамалық, техникалық және басқа да қажетті ақпаратты (филиал басшылығының келісімі бойынша) ұсынады.
  • МГҚ ЖБ-де ЭХҚ құралдары мен электр жабдықтарының КСжәнеЖЖ жоспарларына және TҚЖЖ кестелеріне сәйкес Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінде іс-шаралардың уақтылы және орындалуын бақылайды. Нормативтік құжаттамаларына талаптарына сәйкес МГҚ ЖБ-де ЭХҚ және электр жабдықтарының жаңадан енгізілетін құралдарына жобалық шешімдерді және техникалық құжаттаманы тексеруді және келісуді жүргізеді, монтаждауды, баптауды және сынауды қабылдауды және бақылауды жүзеге асырады.
  • қызметтің объектілерінде жұмыстарды жүргізуге арналған мердігерлік ұйымдардың кестелеріне келіседі. Өз күштерімен және мердігерлік ұйымдармен өткізілетін, диагностикалық жұмыстардың, ағымдағы KЖ сапасына техникалық бақылауды жүзеге асырады. КЖ жүргізілгеннен кейін технологиялық жабдықты пайдалануға қабылдау бойынша комиссиясында қатысады.
  • апаттық-қалпына келтіру қорының нормаларын әзірлейді, апаттық қалпына келтіру қорын толықтыруға өтінімдерді қарайды және ӨТҚ бастығына келісуге тапсырады.
  • ЭХЗ құралдарына техникалық диагностикалау және жоспарлы аялдамалар жүргізу кестелерін, қызмет көрсету және жөндеу жүргізу кестелерін талдайды және МГҚБ ӨТҚ бастығына келісуге жолдайды.
  • Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің МГҚ желілік бөлігінің ЭХҚ құралдары мен электр жабдықтарының техникалық жай-күйіне, пайдаланылуына және жөнделуіне көшпелі тексерулер жүргізеді
  • өзектендіру үшін қызмет бойынша НҚА және НТҚ тізбесін жасайды және өзектендірілген НҚА және НТҚ, филиалдың құрылымдық бөлімшелерде қолдануды бақылайды. Филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің ЭХҚ қызметінің қызметі бойынша регламенттеуші және есептік құжаттаманы әзірлейді және жүргізеді. Өзінің функционалдық құзыреті шегінде бұйрықтар, өкімдер, шығыс құжаттарды жасайды.
  • кәсіптер мен жұмыс түрлері бойынша еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықтарды, өндірістік нұсқаулықтарды, технологиялық регламенттерді, алғашқы нұсқау беру бағдарламаларын әзірлейді. Стандартты жұмыс рәсімдерін әзірлеу бойынша ұсыныстарды зерттейді, оларды әзірлейді, әзірленген стандарттарды енгізуге қатысады
  • қауіптілігі жоғары жұмыстарды жүргізуге арналған нұсқаулықтарына, жұмыстарды жүргізуге арналған іс-шаралар жоспарларына, отты жұмыстарды ұйымдастыру жоспарларына келіседі.
  • ЭХҚ бөлімі бойынша апаттарды жою жоспарларын әзірлейді. Оқу-жаттығу сабақтарын өткізу кестесін жасауға қатысады, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік жөніндегі талаптарға сәйкес олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
    • Кандидаттың тұрғылықты мекен-жайы Ақтау қаласыобъектілерін күзгі-қысқы кезеңде, көктемгі су тасқыны кезеңінде пайдалануға дайындау және МГҚ объектілерін жоспарлы тоқтату жөніндегі іс-шаралар жоспарларына келіседі және олардың жүргізілуіне мониторинг жүргізеді.
    • Дағдылар:

      • Басқарушылық және ұйымдастырушылық қабілеттер, коммуникабельділік;
      • Басқарылатын процестерге әсер ететін факторларды ажырату және объективті бағалау, жағдайдың дамуын болжау, Түзету әрекеттерін енгізу мүмкіндігі;
      • Нормативтік-құқықтық актілерді практикалық қолдану дағдылары;
      • Мердігерлік ұйымдармен және жеткізушілермен өзара іс-қимыл бойынша тиімді және дәйекті жұмысты ұйымдастыру;
      • Техникалық пайдалану бойынша стандарттарды, рәсімдерді және процесс паспорттарын практикалық қолдану дағдылары.
      • MSOffice (Word, Excel, PowerPoint, Outlook),интернет браузерлерімен (MS Internet Explorer, Mozilla Firefox,), Adobe (Acrobat Reader), WinRAR, ABBYY FineReader, ЭҚЖ, ЅАР бағдарламаларымен компьютерде жұмыс істеу дағдылары.

      Талаптар:

      • Білімі (жоғары, мамандығы/ біліктілігі): тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
      • Қызмет бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі: ЭХЗ 2 санаты бойынша инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

      Шарттар:

  • Кандидаттың тұрғылықты мекен-жайы Ақтау қаласы болуы тиіс

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)