Бас инженер, "ҚМГ Инжиниринг" ЖШС Мұнай инжинирингі департаментінің өндіру технологиясын цифрландыру қызметі
ҚМГ Инжиниринг Астана қ.- Құрылған күні:
-
03.04.2024
- Берілген өтінім:
- 19
- Қаралған саны:
- 750
|
Талаптар |
|
|
Лауазымды сипаттамаға қойылатын біліктілік талаптары |
Қажетті біліктілік |
|
Білімі (жоғары, мамандық/біліктілік) |
Жоғары кәсіби. Мұнай-газ бизнесі, өндіріс техникасы мен технологиясы және/немесе мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану саласында. Қалаулы: сәйкес лауазым профилі бойынша магистр дәрежесі/PHD докторы |
|
Кәсіби саладағы жұмыс тәжірибесі |
Кем дегенде 5 жыл |
|
Ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда және/немесе функционалдық салаларға сәйкес салаларда профиль бойынша жұмыс тәжірибесі |
Кем дегенде 2 жыл |
|
Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі |
Қажет емес |
|
Мамандығына байланысты еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті білім: |
|
|
· Мұнай және газ кен орындарын пайдалану ережелері, ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу техникасы мен технологиясы · Мұнай және газ өндіруге арналған жабдықтар мен технологиялар саласындағы өндірістік процестердің теориялық негіздері; · Ағымдағы жерасты ұңғымаларын жөндеу техникасы мен технологиясы; · Газлифттік және механикаландырылған ұңғымаларды пайдаланудың техникасы мен технологиялары; · Механикаландырылған ұңғыма қорының технологиялық режимдерінің сақталуын бақылау әдістері мен тәсілдері; · Ұңғымаларды және ұңғыма ішіндегіі жабдығы элементтерін пайдаланудың технологиялық параметрлерін анықтауға арналған есептеулер; · Мұнай және газ, өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және экология саласындағы заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілер; · Мұнай және газ кен орындарын игерудің бірыңғай ережелері және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі; · Корпоративтік стандарттарға сәйкес ғылыми-техникалық, жобалық құжаттаманы жасау және ресімдеу;
|
|
|
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар: |
|
|
· Ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау, сонымен қатар есеп пен құжаттама жүргізу; · Компьютерлік технологияларды, коммуникациялар мен байланыс құралдарын пайдалану; · Талдау, қорытындылар мен ұсыныстар жасау; · Жобаларды оңтайландыру, жоспарлау, ұйымдастыру және қолдау
|
|
|
Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттер: |
|
|
· Бөлім директорының/қызмет басшысының тікелей бұйрықтарын орындау · Өндіру технологиясы бойынша қызметтің цифрлық жобалары аясында әзірленетін алгоритмдерді құру; · Өндіру технологиясы бойынша цифрлық жобалардың аясында әзірленген алгоритмдерді техникалық және технологиялық қамтамасыз ету (қолдау); · Алгоритмдерді жасауда қолданылатын цифрлық деректерді жүйелеу, талдау, өңдеу және визуализациялау; · Өндіру технологиясы бойынша техникалық-экономикалық кеңестің қарауына ұсынылатын материалдар мен есептерді әзірлеу; · Өндіру технологиясы тұрғысынан цифрлық жобаларға қатысты стандарттарды, ережелерді, әдістемелерді және басқа да техникалық құжаттамаларды әзірлеу; · Жаңа технологияларды, цифрландыру саласындағы ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін және өндіру технологиясы мен ұңғымаішілік жұмыстар бағыттары бойынша іздеу, талдау және қолдану; · Бекітілген біліктілікті арттыру жоспарлары аясында өндіру технологиясы және ұңғымаішілік жұмыстары саласында кәсіби деңгей мен жеке біліктілікті арттыру; · Уақытша болмаған қызметтің қызметкер(лер)ді ауыстыру; · Өндіру технология қызметіне жүктелген міндеттерді орындау және функцияларды орындау; · Өндіру технологиялары қызметінің және ұңғыма ішіндегі жұмыстардың жетекшілік ететін цифрлық жобалары бойынша Серіктестік бөлімшелері мен Серіктестік филиалдарының орындайтын жұмыстары туралы сұрау салу бойынша өзара іс-әрекет жасау, үйлестіру және ақпарат алу; · Серіктестіктің тікелей басшысы мен басшылығының бұйрықтары мен нұсқауларына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыру. |
|
|
Арнайы шарттар |
|
|
· Ұңғымаларды күрделі және жоспарлы жөндеу технологиясын білу, жер асты жабдықтарының макетін/жобасын таңдау үшін арнайы БЖ жұмыс істеу дағдылары құпталады; · Бағдарламалық өнімдерді жасау тәжірибесі және бағдарламалау тілін білуге артықшылық беріледі;
|
|
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр