Бас менеджер (17 грейд) бизнес-аналитика департаментінің бизнес-аналитика және статистикалық есептілік бойынша функционалдық бағыты

от 497437
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
36

Қаралған саны:
215

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Статистикалық есепке алудың бірыңғай әдістемесін жетілдіру және әзірлеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының статистика саласындағы уәкілетті органымен, аумақтық статистика органдарымен және басқа да мемлекеттік органдармен, темір жол статистикасы мәселелерімен айналысатын Достастыққа қатысушы мемлекеттердің темір жол әкімшіліктерінің құрылымдық бөлімшелерімен, темір жол көлігіндегі халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттеседі.
  • Компанияның және оның филиалдары мен еншілес ұйымдарының пйдалану қызметінің түйінді көрсеткіштерін бизнес-талдау, пайдалану қызметінің операциялық көрсеткіштерінің, еңбек және еңбекақы көрсеткіштерінің статистикалық талдау жүргізу бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге асырады.
  • Компанияның пайдалану қызметінің түйінді көрсеткіштеріне әсер ететін факторлар туралы талдамалық ақпаратты жинайды және жинақтайды.
  • Компания басшылығына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, темір жол көлігі жөніндегі халықаралық ұйымдарға анықтамалық-талдамалық ақпараттың, презента-циялық материалдарының уақтылы және дұрыс берiлуiн қамтамасыз етедi.
  • Статистикалық есепке алуды жүргізуді және статистикалық есептілікті дайындауды автоматтандыру бойынша ұсыныстар әзірлейді. Операциялық мақсаттар мен міндеттерді айқындайды, жетекшілік ететін қызметкерлердің еңбек функцияларын бөледі, мақсаттары мен міндеттерін орындауының сапасы мен мерзімдерін қадағалайды. Функционалдық бағыт  бойынша жұмыс жоспарларын қалыптастырады;

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары кәсіби дәреже. Тиісті мамандығы бойынша магистр дәрежесінің болуы/MBA (қалаулы түрде)
  • Мамандық: Экономика, Менеджмент, Есеп және аудит, Қаржы, Маркетинг, Статистика, Әлемдік экономика, Автоматтандыру және басқару, Көлік, көлік техникасы мен технологиялары, Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану.
  • Жалпы жұмыс тәжірибесі: Міндетті түрде: тиісті мамандығы бойынша және/немесе қызмет ауқымы, күрделілігі және қаржы кірістер көлемі бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобымен салыстырылатын компанияларда кемінде 5 жыл жұмыс істеу\
  • мамандығы бойынша және/немесе қызмет ауқымы, күрделілігі және қаржы кірісі көлемі бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ компаниялар тобымен салыстырылатын компанияларда басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс істеу

Қосымша талаптар:

  • Пайдалану қызметі көрсеткіштірінің бизнес-талдауын және статистикалық талдауын жүргізу
  • статистикалық және талдау әдістерін қолдана отырып, үлкен көлемдегі ақпаратты жүйелеу және жіктеу
  • нормативтік-құқықтық актілермен және құжаттамамен жұмыс істеу
  • нормативтік құжаттар мен жаңа есептерді әзірлеу
  • күрделі міндеттерді талдау және шешу
  • ұйымдағы өзгерістерді басқару;   
  • тиімді ұйымдастыру дағдыларын меңгеру, ауызша және жазбаша коммуникация, әр түрлі деңгейдегі  сендіру және ықпал етуде  дағдыларын ие болу арқылы ұжымды ынталандыру
  • Статистикалық есептерді жинау, тексеру және өңдеуді жүзеге асыра білу, статистикалық есептер бойынша деректердің жинақ базасын жүргізу дағдылары
  • Статистикалық есептерден жиналған деректерінен талап етілетін нысандар бойынша анықтама-талдамалық ақпаратты қалыптастыру дағдылары
  • Бизнес-деректерді және де статистикалық есептерді қалыптастыру тәртібі мен әдіснамасын қарастыратын жергілікті актілерді өзектендіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу дағдылары
  • Статистикалық талдау жүргізу, талдау нәтижелері бойынша қорытындылар мен ұсыныстарды қалыптастыра білу дағдылары.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты