"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "ЖТ Ақтөбе бөлімшесі" (НОД-11) филиалының Ақтөбе бөлімшесінің вагон шаруашылығы бойынша қызмет басшысы (батыс өңір бойынша)

666677 - 702250
АКТЮБИНСКОЕ ОТДЕЛЕНИЕ 2 группа
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
11

Қаралған саны:
90

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Бекітілген аумақта жүк және  жолаушылар вагондарының қауіпсіз етуін бақылау және қамтамасыз етубойынша жұмыстарды жүргізу;
  • Батыс өңіріндегі өкілдердің бөлім басшыларының өз міндеттерін орындауын  ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтауын қадағалау;
  • Планшеттік селекторлық операцияларын және басқа да іс-шараларды өткізу үшін материалдардың уақыттылы және сапалы дайындалуын бақылау;
  • Тасымалдау саласы бойынша ай сайынғы тоқсандық жартыжылдық жылдық есептердің бекітілген бөлімдер бойынша дайындалуын және уақытылы ұсынылуын қамтамасыз етуді бақылау;
  • Жедел жұмыстарды жедел басқару автоматты басқару құралдарының көрсеткіштері көрсетілген сапалық және сандық көршеткіштер мен операциялық көрсеткіштер;
  • Жолда пойыздардың кешігу жағдайында жылжымалы құрамның жай-күйінбойынша вагон біліктерінің үлпектерін орындауды ұйымдастырады техникалық қамтамасыз етуді бақылау.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі
  • Саладағы мамандық: Көлікті тасымалдауды, қозғалысын және пайдалануды ұйымдастыру, Көлік көліктік техника мен технологиялар вагондар
  • Жұмыс тәжірибесі: темір жол көлігінің жұмысшылары мен қызметкерлері лауазымда кемінде 4 жыл, басшылық лауазымында 5 жылдан кем емес

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)