Газ жүйлерін жөндеу қызметінің шебері (негізгі қызметкер болмаған уақытқа)
АО "QazaqGaz Aimaq" АҚ Алматы өндірістік филиалы Алматы қ.МІНДЕТТЕРІ:
газ құбырларындағы имараттарға техникалық қызмет көрсету және олардағы ағымдағы жөндеу жұмыстарына тікелей басшылық етеді және орындайды;
ұйымдастыру-техникалық іс-шараларға сәйкес газ құбырларын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарға тікелей басшылық етеді және орындайды;
өлшеу құралдарының дұрыс жай-күйіне бақылау жасауды жүзеге асырады және оларды уақтылы жөндеуге тапсыруға бақылау жасауды жүзеге асырады;
Апаттық-диспетчерлік қызметтің өтінімдері бойынша газ құбырларындағы және ондағы қондырғыларда апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын орындау бойынша жұмыстарға жетекшілік етеді және жүзеге асырады;
қаланы газбен жабдықтауды тұрақтандыру бойынша шаралар қолдану үшін газ құбырларының жүйелеріндегі газ қысымын өлшеуді жүзеге асыру жұмыстарын орындайды;
жаңадан жүргізілген газ құбырларын жұмыс істеп тұрған газ жүйелеріне жалғау (кірекесу) жұмыстарына тікелей басшылық етеді;
жоғарғы, орташа, төменгі қысымды газ құбырларының таратушы жүйелеріне және ондағы имараттарға бастапқы, қайта газ жіберу жұмыстарына тікелей басшылық етеді;
жөндеу-апаттық жұмыстарға және газ құбырларын, шкафтық газ таратушы пункттердің орнын ауыстыру, ажырату, бақылау қысыммен тексеру, қосу жұмыстарына тікелей басшылық етеді;
газ қысымын берілген режимде ұстау жұмыстарын орындайды және оған тікелей басшылық етеді және газ беру режимін өзгертуге бақылау жасайды;
белгіленген мерзімде жеке қорғаныс құралдарын сынауды уақтылы жүргізеді;
жұмыстың жетекшілік ететін учаскесінде жұмыстарды ұйымдастырады;
біліктілігін жоғарлату, оқытуды ұйымдастыруға қатысу бойынша Қызметтің қарамағындағы қызметкерлерін оқытуға бастамашылық етуге қатысады;
нұсқамалық бағдарламасын, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша жұмыс мамандықтарының қызметкерлерін оқыту бағдарламасын әзірлеуге қатысады, белгіленген тәртіпте еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі бойынша қарамағындағыларға жұмыс орнында нұсқамалық өткізеді;
Қызмет қызметкерлерін құрал-саймандармен, мүкәммалдармен қамтамасыз етеді, материалдық-техникалық құралдардың (мамандандырылған ұйымдардың жұмыстарының немесе қызметтерінің) қажеттілігін анықтайды;
белгіленген тәртіпте еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша Қызмет қызметкерлеріне өндірістік оқу өткізеді;
жеке қорғаныс құралдарын және аспаптарды, өрт сөндіру құралдарын уақтылы сынауды және жұмыстарды орындау кезінде дұрыс күйде ұстауды қамтамасыз етеді;
қажетті арнайы киіммен, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен бөлімше қызметкерлерін қамтамасыз ету бойынша қажеттілікті анықтауға қатысады;
ТАЛАПТАРЫ:
Тиісті мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім
Жалпы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес
Кәсіби салада 3 жылдан кем емес
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар