«Ембімұнайгаз» АҚ «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ еңбекті қорғау және өнеркәсіп қауіпсіздігі бөлімінің өрт қауіпсіздігі жөніндегі 1 санатты инженері
«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау қ.Лауазымдық міндеттемелер:
1. МГӨБ құрылымдық өндірістік бөлімшелерінде қолданыстағы заңнаманың, қауіпсіздік, еңбекті қорғау және өндірістік санитария жөніндегі нұсқаулықтардың, ережелер мен нормалардың сақталуын бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
- Басқарма объектілерінде сақталатын отқа қауіпті заттардың ықтимал жарылысын төмендетуді бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
- Қ және ЕҚ және өрт қауіпсіздігі бойынша бұйрықтар мен нұсқаулықтардың орындалуын бақылау, оны ұйымдастыру бойынша қызметтік құжаттаманы әзірлеу;
- Экономика объектілеріндегі ғимараттар мен құрылыстардың өртке қарсы күйі және құрылымдық ерекшеліктері, технологиялық процестердің өрт қауіптілігі, өртке қарсы сумен жабдықтаудың сипаттамалары, өту жолдарының, байланыс пен дабылдың жай-күйі туралы ақпаратты толық көлемде меңгеруі;
- Объектілердегі өрт техникасының, өрт-техникалық қару-жарақтың, алғашқы өрт сөндіру құралдарының қажетті санын айқындау, жалпы өтінім жасау және оны белгіленген мерзімде жоғары тұрған ұйымға ұсыну;
- Өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтардың талаптарына сәйкес өрт-профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру;
- Жұмысқа жаңадан қабылданатын тұлғаларға өртке қарсы нұсқама жүргізу, бекітілген жоспарға сәйкес Басқарманың жұмысшылары мен қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі сабақтарын ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ Басқарма объектілерінде өрттің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- Қолданыстағы ережелерді қатаң басшылыққа ала отырып, кәсіпорындағы отқа қауіпті жұмыстарды жүргізуді бақылауды жүзеге асыру;
- Объектілерді өрт-техникалық тексеруге қатысу және тексеру материалдарын ресімдеу;
- Өртке қарсы тексеру актілерімен және нұсқамалармен ұсынылған іс-шаралардың орындалуын бақылау;
- Жоғары тұрған ұйымға Басқарма объектілеріндегі өрт-профилактикалық жұмыс туралы мәліметтерді ұсыну;
- Басқарма жұмыскерлерінің өндірістік және еңбек тәртібін сақтауын бақылау, өндірістік нұсқаулықтар мен өрт қауіпсіздігі бойынша оқу жүргізу;
- Жұмысты қауіпсіз жүргізу бойынша жаңа нұсқаулықтарды, қолданыстағы жаднамаларды әзірлеуді ұйымдастыру және қайта қарау, цехтар мен учаскелердің бастықтарына жергілікті нұсқаулықтарды, нұсқамалар бағдарламаларын әзірлеуде және жұмысшыларды жұмыстың қауіпсіз әдістеріне оқытуды ұйымдастыруда әдістемелік көмек көрсету;
- Стандартты емес жабдыққа, жаңа өндірістерді салуға, жекелеген өндірістік бірліктерді, қызметтерді, санитарлық-тұрмыстық жайларды реконструкциялауға, ғимараттарды, құрылыстар мен технологиялық жабдықтарды күрделі жөндеуге жобалау-техникалық құжаттаманы, сондай-ақ жұмыстарды қауіпсіз жүргізу бөлігінде технологиялық регламенттерді қарауға қатысу;
15.Жаңа және қайта жаңартылған өндірістік мақсаттағы объектілерді, санитарлық-тұрмыстық және қойма орындарын, жабдықтарды, сондай-ақ технологиялық процестерді пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына, жаңа техника үлгілерін сынауға және енгізуге қатысу.
Талаптар:
Білімі (мамандық/біліктілік) : тиісті мамандығы бойынша жоғары техникалық білімі
Қызмет профилі бойынша жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан кем емес (инженер-техникалық лауазымдарында, өрт қауіпсіздігі саласында тәжірибесі бар )
Басқару тәжірибесі: талап етілмейді
ҚМГ компаниялар тобында/мұнай газ саласында жұмыс тәжірибесі : мүмкіндігінше
Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті білім:
1. Қызметтік міндеттерін орындауға қажетті деңгейде мемлекеттік тілді меңгеруі;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, еңбекті қорғау мәселелері бойынша әдістемелік материалдар;
- Еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты, еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесін ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері.
- Қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау нормаларының қағидалары;
- ISO 9001, ISO 14001, ISO 50001және OHSAS 18001 халықаралық стандарттарының негізгі талаптары және интеграцияланған басқару жүйесі саласында білімінің болуы.
Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті дағдылар:
1. Тұтынушы деңгейінде компьютерде жұмыс жасау дағдысының болуы.
Жұмыс шарттары:
Жұмыс орны: «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ
Жұмыс кестесі – 5/2
Әлеуметтік пакет
Медициналық сақтандыру
Ұқсас вакансиялар