«ҚазТрансОйл» АҚ Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының КПО «Үлкен Шаған» МАС желілік құбыршысы (Үлкен Шаған к., Батыс Қазақстан облысы)

«ҚазТрансОйл» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
545

   Конкурс туралы

 

Міндеттері:

1) ММҚ желілік бөлігіне техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды орындау, өз жұмыс орнын, жабдықтарын, аспаптарын, құралдарын жұмысқа уақтылы дайындау мен жинау және оларды тиісті жағдайда ұстау;

2) бекітілген АЖЖ-на сәйкес іс-әрекеттерді орындау;

3) авариялық-қалпына келтіру жұмыстарына қатысу;

4) құбырдағы тораптарды монтаждау, құбырларды орталықтандыру, арматура мен фасондық бөліктерді эскиздер бойынша белгілеу және орнату, жоғары қысымды бекіту және сақтандырғыш арматураны тексеру және жөндеу, бекіту арматурасын, құбырлардың тораптары мен жекелеген учаскелерін нығыздау, құбырда мен арматурадағы судың, мұнайдың және мұнай өнімдерінің ағып кетуін жою, ысырмалардағы тығыздамаларды толтыру және қатайту, оларға орнатылған арматураны жөндеу және монтаждау, бөлшектерді, құбырларды слесарлық өңдеу, бұранданы кесу, тесіктерді бұрғылау, тазалау құрылғысын жіберу және шығару, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу;

- арнайы киім мен басқа да қорғау құралдарын қолдану, қауіпсіз еңбек тәсілдерін пайдалану, бұл ретте еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың барлық талаптарын сақтау; 5) өз жұмыс орнын, жабдықтарын, құрал-саймандарын, аспаптарын, құралдарын уақтылы дайындауға және оларды тиісті күйде ұстауға байланысты жұмыстарды орындау;

6) құбырларда монтаждау және қалпына келтіру жұмыстарын орындау; ысырмалар мен крандарды тексеру және жөндеу; бақылау-өлшеу аспаптарын бөлшектеу және орнату; құбыр учаскелері мен монтаждау тораптарын үрлеу және нығыздау, өтпелерді, бітелулер мен катушкаларды монтаждау;

7) мұнай құбырын тазалау және диагностикалау кезінде іске қосу, тазалау және диагностикалау құралдарын қабылдау тораптарының бекіту арматурасын жедел ауыстыру.

 

Талаптары:

Мұнай-газ саласында кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша орта-арнаулы білім немесе жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.

«Желілік құбыршы» өткен оқуы бойынша куәлік.

 

Шарттары:

Зиянды факторларсыз, қалыпты еңбек жағдайлары.

Вахталық жұмыс әдісі 15/15.

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын ресімдеу.

Медициналық сақтандыру.

Оқыту және кәсіби даму.

Ұжымдық шартқа сәйкес әлеуметтік пакет.

Кәсіби ұжым.

Жұмыс орны: Батыс Қазақстан облысы, Бәйтерек ауданы, Үлкен Шаған к.., КПО «Үлкен Шаған» МАС

Қажетті қабілеттер

  • Требования по безопасности и охране труда, пожарной безопасности и промышленной безопасности
  • Порядок выполнения земляных работ
  • Правила выполнения погрузочно-разгрузочных работ

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Қауіпсіздік техникасы
  • Өндіріс
  • Басқа