"Вагонсервис"АҚ Жолаушылар вагондарын жөндеу жөніндегі Батыс филиалының пайдалану бөлімінің Атырау учаскесінің жетекші инженер-электроншысы

448287 - 468423
Западный филиал по ремонту пассажирских вагонов АО «Вагонсервис» Атырау облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
34

Қаралған саны:
1383

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Шаруашылықты көктемгі, күзгі комиссиялық қарап-тексеруді өткізуге қатысу, бұйрықтар, іс-шаралар жоспарын әзірлеу, есепті жоғары тұрған құрылымға ұсыну;
  • кәсіпорында қолданыстағы заңнаманың, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі нұсқаулықтардың, ережелер мен нормалардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
  • қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша есептілікті жүргізу, экология басқармасы мен департаментіне өндіріс технологиясын жетілдіру бойынша есептілікті ұсыну және оларды учаске жағдайында пайдаланудың орындылығы туралы қорытынды береді;
  • учаске бойынша ТЭР: қатты отын, электр энергиясы, жанар-жағармай материалдарының шығынын бақылау және есепке алуды жүргізу;
  • мердігерлік ұйымдарды, жұмыстар мен қызметтер бойынша шарттар жасасу бойынша баға ұсыныстарын жинау және талдау;
  • шарттарды орындау, орындалған жұмыстардың актілерін жасау және бақылау;
  • жаңа техниканы енгізуге, Жабдықты күрделі жөндеуге байланысты шарттардың жасалуына және орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
  • учаскеде күрделі жөндеу және құрылыс бойынша есеп пен есептілікті жүргізуді ұйымдастыру;
  • "ҚТЖ "ҰК"АҚ Азаматтық қорғанысты қалыптастыру туралы Ереженің талаптарын әзірлеуге қатысу;
  • инвестициялық бюджетті әзірлеуге және дайындауға қатысу, жаңа жабдықтар, техника және құрылыс сатып алу үшін бизнес жоспарлар, баға ұсыныстарын жасау;
  • жабдықтарды жаңғырту және жұмыс орындарын рационализациялау, жабдықтарды, техниканы, ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу жөніндегі жобалау-конструкторлық және сметалық құжаттамаларды қарау және келісу;
  • жаңа учаскелерді ұйымдастыруға және жоспарлауға және оларды мамандандыруға, жаңа техниканы, жаңа жоғары өнімді технологиялық процестерді игеруге, өндірістік қуаттар мен жабдықтарды тиеу есептеулерін орындауға қатысу.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Автоматтандыру және басқару; Теміржол көлігіндегі Автоматика, телемеханика және байланыс; Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Радиотехника, электроника және телекоммуникация; Аспап жасау; Ақпараттық жүйелер, вагон шаруашылығы.
  • Жұмыс тәжірибесі:  қызмет бейіні бойынша кем дегенде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)