«Ембімұнайгаз» АҚ «Жайықмұнайгаз» МГӨБ геология және мұнай-газ кен орындарын игеру бөлімінің бастығы

«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
44

Қаралған саны:
1779

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттемелер:

  1. Кен орындарын игеруді жобалауға қатысу, қалдық қорлары бар аймақтарды тиімді игеру бойынша ұсынымдар әзірлеу, игерудің оңтайлы жүйесін таңдау, ГТШ жобалау, мұнай берудің қайталама және үшінші реттік ұлғаюы;
  2. Мұнай мен газ өндірудің айлық, тоқсандық, жылдық және перспективалық жоспарларын әзірлеуді (басқарманың өндірістік-техникалық және экономикалық қызметімен бірлесіп) ұйымдастыру;
  3. Ағымдағы және перспективалық жоспарларды әзірлеуге қатысу: кен орындарын бұрғылау (КҰ, ҰОБКТ, ҰОБТ, тереңдету), су басуды басқару (оның ішінде полимерлі су басу, ыстық су, бу айдау), кен орындарын жете барлау, ұңғымаларға жөндеу жүргізу, ГТШ (ҚСЖ, ББП, ПЖЖ, МӨА) және зерттеу жұмыстарын жүргізу. Осы іс-шаралардың орындалуын жоспарлау, бақылау және талдау;
  4. Зерттеу, кәнешілік-геофизикалық жұмыстардың орындалу көлеміне, ұңғымалар жұмысының технологиялық режиміне жедел бақылауды жүзеге асыру. Зерттеу нәтижелерін өңдеу және талдау жүргізу;
  5. Кеншілік деректерді есепке алудың дұрыстығына және геологиялық-кеншілік ақпараттың дерекқорын жүргізуге жедел бақылауды жүзеге асыру;
  6. Игерілетін кен орындарында мұнай және газ қорларын есепке алу, кен орындары бойынша және тұтастай алғанда Басқарма бойынша қорлардың жыл сайынғы теңгерімін жасау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  7. Есепті құжаттарды бекітілген мерзімде жөнелтуді ұйымдастыру және геологиялық құжаттаманы, үлгілік салалық нысандарды жүргізу тәртібінің сақталуына бақылау жүргізу;
  8. Өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы, өкілді, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарда, ҚР мекемелерінде және мекеменің меншік нысанына және орнына қарамастан өзге де ұйымдарда кен орындарын игеру мәселелері бойынша Басқарманың өзара іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз ету.
  9. Қоғамның, ҚМГ ҰК АҚ бұйрықтарының орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, қолданыстағы ережелердің, ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша нұсқаулықтардың сақталуын бақылау, қоғамның, ҚМГ ҰК АҚ және ҚМГ ҰК АҚ компаниялар тобын ұйымдастыру нұсқауларының, оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының нұсқамаларының орындалуы.


Талаптар:

Білімі (мамандық/біліктілік) : тиісті мамандық бойынша жоғары техникалық білім
Қызмет профилі бойынша жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан кем емес (Мұнай кеншілігі геологиясы және мұнай кен орындарын игеру саласында, оның ішінде өндірістік тәжірибе)
Басқару тәжірибесі: болғаны дұрыс
ҚМГ компаниялар тобында/мұнай газ саласында жұмыс тәжірибесі : мүмкіндігінше


Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті білім:

  1. Қызметтік міндеттерін орындауға қажетті деңгейде мемлекеттік тілді меңгеруі;
  2. Геология және мұнай-газ кен орындарын игеру бойынша терең білім;
  3. Кен орындарын геологиялық-гидродинамикалық модельдеу саласындағы терең білім;
  4. "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" ҚР Заңын білу;
  5. "Қазақстан Республикасында жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі бірыңғай қағидаларды"білу;
  6. Еңбек заңнамасының негіздерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын білу.

 

Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  1. Тәжірибелі Excel пайдаланушысы;
  2. Кеніштік, геофизикалық, геологиялық-гидродинамикалық ақпаратты талдай білу, ұңғымалардың жұмысын диагностикалау, ұңғымалардың әлеуетін анықтау;
  3. Геологиялық-техникалық іс-шаралардың (ГТШ) тиімділігін іріктеу және талдау қабілеті.

 

Жұмыс шарттары:
Жұмыс орны: Аққыстау ауылы (Атырау облысы)
Жұмыс кестесі - 5/2
Әлеуметтік пакет
Медициналық сақтандыру