«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы Алматы пайдалану вагон депосының өндірістік-техникалық бөлімінің 2 санатты Инженер-технологы - «ЖТ Алматы бөлімшесі»
- Құрылған күні:
-
26.02.2025
- Берілген өтінім:
- 8
- Қаралған саны:
- 354
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- ТЭР есептеулерін жүргізу (жанар-жағармай материалдары мен қатты отынның бір жылға және айға саны);
- НОДГП-7-де энергетикалық ресурстардың отын шығысы бойынша есептер жасау; ТЭР шығынын азайтуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру;
- материалдар мен отын-энергетикалық ресурстардың шығыстарын талдау және есепке алуды жүргізу;
- басшылықтың тапсырмалары бойынша ағымдағы жұмысты жүргізеді;
- қыста шаруашылықты дайындау бойынша жұмыс жүргізеді; Коммуналдық қызметтерге қаржыландыру өтінімін дайындау;
- барлық заң мәселелері және Мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша ОЖ және БП-мен хат алмасуды жүргізеді;
- ҚЗХ ІЖҚ қажеттіліктері бойынша арнайы вагонды тиеу және түсіру;
- қажетті тауар-материалдық құндылықтарды растайтын құжаттармен (есеп айырысу, түсіндірме, баға ұсыныстары)сатып алуға өтінімді ресімдеу;
- алынған ТМҚ-ға қаржыландыру өтінімін дайындау;
- жеткізу шартына сәйкес жеткізушілер беретін ТМҚ қабылдауды ұйымдастыру;
- қажетті тауар-материалдық құндылықтарды растайтын құжаттармен (цмо, техникалық спека, негіздеме) сатып алуға өтінімді ресімдеу.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялар (Вагондар және вагон жасау);
- Жұмыс тәжірибесі: инженер-технолог/Инженер/инженер-конструктор лауазымында кемінде 3 жыл, кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы