Адам ресурстарын басқару департаментінің оқыту және бағалау секторының аға маманы (аутстаффинг)
«ҚазТрансОйл» АҚ Астана қ.Міндеттер:
-
Қоғам қызметкерлерінің кәсіби даярлығын, қайта даярлығын, біліктілігін арттыруды және көшбасшылық құзыреттіліктерін дамыту ұйымдастыру;
Сыртқы оқыту құрылымдарына оқыту үшін рәсімдеу және уақтылы төлемдер жүргізу жұмыстарын орындау;
Бақылауындағы баптар бойынша Қоғамның бизнес-жоспарын қалыптастыру, соның ішінде «SAP BW» жүйесінің BW/BPS модулінде қосымша оқыту және қызметкерлерді дамыту қажеттілігімен байланысты бюджет баптарына түзетулер енгізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ мақсатты пайдалануын бақылау, бақылау баптары бойынша бюджеттің орындалуы туралы есептерді уақтылы дайындау және ұсыну;
Оқыту және бағалау секторының функционалымен байланысты қызметтерді сатып алу үшін құжаттаманы дайындау;
Қоғам қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру қызметтерін көрсету бойынша келісім-шарт жобаларын әзірлеу, олардың келісуін және жасалуын қамтамасыз ету;
Қоғам қызметкерлерін оқыту және дамыту бойынша құрылымдық бөлімшелердің жинақталған өтінімдерін жинау және талдау;
Қоғамның ішкі тренерлерінің қызметін ұйымдастыру, ішкі оқыту үшін тақырыптарды анықтау, Қоғам қызметкерлерінің ішкі оқыту күнтізбелік жоспарын қалыптастыру;
Қоғамның персоналын оқыту және дамыту мәселелері бойынша сапа, экология, денсаулық және қауіпсіздік, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру интеграцияланған менеджмент жүйесінің (бұдан әрі - ИСМ) құжаттарын әзірлеу және жаңарту;
Талаптар:
- Сәйкес мамандық бойынша жоғары білім, мамандық бойынша жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр