Өндіріс жөніндегі директордың орынбасары Астана филиалы "Астанинский почтамт" АҚ "Казпочта"

«Қазпошта» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
17

Қаралған саны:
830

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1) Қызметтік міндеттерін орындау барысында белгілі болған ақпараттың құпиялылығын сақтауын бақылау;
    2) Заңнама мен Компанияның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес бағынышты қызметкерлер мен филиалдың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жалпы басқару және бақылау;
    3) Бағынышты құрылымдық бөлімшелердің қаржы-шаруашылық қызметі бойынша келісімшарттарды уақытында жасауын және келісімшарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;
    4) Бағынышты/есеп беретін құрылымдық бөлімшелердің жасалған келісімшарттарды мерзімі аяқталу тұрғысынан тұрақты талдауын бақылау, олар бойынша ұзарту туралы қосымша келісімдерге қол қою немесе қайта жасасу жұмыстарын жүргізу;
    5) Тұрақты активтерді, еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануды бақылау;
    6) Пошта байланысын ұйымдастыру, қолдау, ішкі және халықаралық пошта жөнелтілімдерін қабылдау, өңдеу, сұрыптау, тасымалдау, жеткізу және тапсыру процесін бақылау;
    7) Ішкі және халықаралық пошта жөнелтілімдерін қабылдау, өңдеу, сұрыптау, тасымалдау, жеткізу және тапсырудың технологиялық процестерін талдау және өндірістік процестің әлсіз тұстарын анықтау. Оларды жою бойынша алдын алу және түзету шараларын әзірлеу және жүзеге асыру;
    8) Клиенттердің мүлкінің, соның ішінде ішкі және халықаралық жөнелтілімдердің сақталуын қамтамасыз ету;
    9) Қалалық маршруттар бойынша поштаның уақытында тасымалдануын және жеткізілуін ұйымдастыру. Барлық пошта жөнелтілімдерінің белгіленген мерзімде тағайындалған жерге жетуін қамтамасыз ету;
    10) Поштаны тасымалдау, пошта тасымалдау процесін қолдау және бақылау үшін облысішілік және ауданішілік маршруттарды ұйымдастыру, жүзеге асыру;
    11) Пошта жөнелтілімдерін қабылдау, өңдеу, тасымалдау, жеткізу және тапсыру үшін өндірістік объектілерді пошта жабдықтарымен, көлік құралдарымен, жеке заттармен, эксплуатациялық материалдармен және бланкалық өнімдермен қамтамасыз ету;
    12) Автопарктің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, техникалық жөндеуді қамтамасыз ету үшін отын-майлау материалдарымен, қосалқы бөлшектермен және басқа да материалдармен қамтамасыз ету;
    13) Есептілікті мониторингтеу және сапа көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыстар жүргізу;
    14) Филиалдың бағынышты қызмет бағыттары бойынша бюджет қалыптастыруға қатысу, оның орындалуын және мақсатты пайдалануды бақылау;
    15) Заңнама мен Компанияның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес әртүрлі көздерден келіп түскен өтініштерді қарау және мониторинг жүргізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Мониторинг нәтижелері бойынша түзету және алдын алу шараларын қабылдау;
    16) Белгілі болған мәліметтерді, мемлекеттік құпияларды, ведомстволық және банктік құпияларды, сондай-ақ құпия ақпаратқа қатысты басқа да мәліметтерді жарияламау;
    17) Бағынышты құрылымдық бөлімшелердің иелігінде болатын келісімшарттар бойынша контрагенттер карточкасын уақытында енгізуді қамтамасыз ету;
    18) Өндірістік объектілерде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қызметкерлерді радиациялық әсерден қорғау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ ионизирушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде мүмкін болатын апаттарды алдын алу және жою бойынша шараларды қабылдау;
    19) Филиалдың «ОЦО» бөлімшесіне бухгалтерлік есеп үшін қажетті құжаттардың толық пакетін уақытында ұсынуды бақылау;
    20) Бағынышты құрылымдық бөлімшелер мен филиал қызметкерлері тарапынан қызметтердің сапалы көрсетілуін бақылау.

Талаптар:

  • Байланыс, қаржы, экономика, техникалық немесе заң саласында жоғары білім.
    «Бизнес әкімшілігі магистрі» дәрежесі немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімнің болуы артықшылық болып табылады.
  • «Қазпочта» АҚ-ның қызмет саласына сәйкес мамандық бойынша және/немесе бағынышты салада кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі, соның ішінде басшылық лауазымда кемінде 2 жыл немесе «Қазпочта» АҚ-да төменгі лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.

Шарттар:

  • Бес күндік жұмыс аптасы, дүйсенбіден жұмаға дейін 09.00-ден 18.00-ге дейін 8 сағаттық жұмыс күні.
    Түскі үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін.
  • Астана қ., Ауэзов көшесі, 13