"QazaqGaz Aimaq" АҚ Жамбыл өндірістік филиалының заң бөлімінің бас маманы

"QazaqGaz Aimaq" АҚ Жамбыл өндірістік филиалы Тараз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
13

Қаралған саны:
1514

   Конкурс туралы

Электрондық базамен, "Параграф" ақпараттық жүйесімен, филиалды ҚР Заңдарымен, филиал қызметін жүзеге асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық құжаттармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

Қолданыстағы заңнаманы түсіндіру және оны қолдану тәртібі, құрылымдық бөлімшелерге құқықтық көмек көрсету, филиал қызметкерлеріне түрлі құқықтық мәселелер бойынша кеңес беру, заң құжаттарын жасауда құқықтық көмек көрсетеді;

Талап қою-наразылық жұмыстарын жүргізу, шарттық және өзге де дауларды реттеудің сотқа дейінгі тәртібін сақтау жөнінде шаралар қабылдау;

Газ тұтынушылары мен филиал арасындағы даулы мәселелерді сотқа дейінгі тәртіппен реттеу жөніндегі жұмысты заңдық сүйемелдеу;

Филиалдың құрылымдық бөлімшелері ұсынған қажетті құжаттардың толық пакеті негізінде заң бөлімі бастығының тапсырмасы бойынша қоғам мен Филиалдың контрагенттерімен келіспеушіліктер мен даулы мәселелерді сотқа дейінгі реттеуге шаралар қабылдау; тұтынушыларға/контрагенттерге шағымдарды дайындауды, оларды жөнелтуді және тұтынушыларға/контрагенттерге жіберілген талаптардың қанағаттандырылуын бақылауды жүзеге асырады;

Жасалған шарттардың талаптарын бұзған тұтынушыларға филиал дебиторларына (халыққа, коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындарға, өнеркәсіптік кәсіпорындарға) хабарламалар (наразылықтар) дайындау;

Тұтынылған газ үшін берешекті (шарттық міндеттемелерді бұзу) және әртүрлі мәселелер бойынша, атап айтқанда газ құбырларындағы авариялар бойынша қоғамның мүдделеріне келтірілген материалдық залалды мәжбүрлеп өндіріп алу үшін сотқа талап-арыздарды/арыздарды дайындау;

Мүдделі құрылымдық бөлімшелерден қажетті ақпаратты сұрату, сот талаптарын беру кезінде оларды сотқа дәлелдемелер ретінде ұсыну үшін қажетті құжаттарды (хаттар, шағымдар, өтініштер, шарттардың көшірмелері, салыстыру актілері, анықтамалар, актілер, ұйғарымдар және т. б.) дайындау;

Берілген сенімхат шеңберінде ҚР заңнамасына сәйкес соттарда, апелляциялық және кассациялық сатыларда "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ мүдделерін білдіру (сотқа қатысу, сот шешімдеріне, қаулыларына, ұйғарымдарына шағымдану және т.б.). Қажет болған жағдайда бірінші сатыдағы соттардың шешімдеріне апелляциялық және кассациялық шағымдар дайындау;

Сот шешімдерінің мониторингі (сот талаптарының, шешімдердің тізілімін электрондық түрде жүргізу), заңды күшіне енген сот шешімдерінің орындалуын бақылау бойынша жұмыс жүргізу;

Мыналарды қамтитын жалпы іс жүргізуді жүзеге асыру:

- мемлекеттік және орыс тілдерінде іс қағаздарын жүргізу;

 - жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды дайындау және жіберу.

 - істердің жиынтық номенклатурасына сәйкес бөлімнің құжаттарын мұрағаттық сақтауды ұйымдастыру.

Жалпы білімі – жоғары кәсіптік (заңгерлік) және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

аптасына 5 күндік жұмыс