«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Павлодар магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Павлодар материалдық-техникалық жабдықтау базасының Павлодар ст. материалдық базасының жетекші инженері

385970 - 399543
Павлодарская база материально-технического снабжения Павлодар облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
379

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • ТМР бөлімімен бірлесіп ТМҚ, Дирекция департаменттері бөлген тауардың болуын пысықтап істейді;
  • ТП көрсете отырып, өтінімдер құрастыру үшін рұқсат қағаздар бойынша ақпаратты желілік кәсіпорындарға жібереді;
  • желілік кәсіпорындардан келіп түскен бекітілген өтінімдер негізінде ТП бойынша желілік кәсіпорындардың ТМҚ қажеттілігін құрастырады;
  • ЦС атына вагондарды құрастыру мен тиеу үшін өтінімдерге сәйкес ТМҚ қажеттілігін шоғырландырады;
  • желілік кәсіпорындардан алынған өтінімдер негізінде ТП көрсете отырып, ЦС атына тауарды босатуға жүкқұжат жазады;
  • апта сайын, ай сайын өспелі қорытындымен ЦС қойма қызметкерлерінен алынған есепті шоғырландырады, сондай-ақ SAP жүйесінен деректерді жүктеп түсіруге сәйкес есепті кезеңде қызмет көрсетілетін өңір бойынша ТП қызмет көрсететін МБ-дағы қалдықтардың болуы туралы және ТМҚ беру туралы есепті құрастырады;
  • ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін ЦЖСМБ мен НЖС атына ТМҚ-ны талдау мен есепке алу бойынша құрастырылған есеп-қисапты жібереді;
  • SAP жүйесіндегі бухгалтерлік есеп қалдықтарына сәйкес қорларды есепке алу бойынша жоспарлы/ жоспардан тыс түгендеуге қатысады;
  • РС және ЦС қоймаларында ТМҚ-ға ай сайын жоспарлы және тоқсанына бір рет жоспардан тыс түгендеу жүргізеді;
  • белгіленген нысанға сәйкес желілік кәсіпорындардан келіп түскен өтінімдер тізілімін жүргізу;
  • МБ басшылығының өз қызметі саласындағы тапсырмаларын орындайды;
  • өндірістік қызметте сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары 
  • Мамандық: Көлік, көліктік техника және технологиялар; вагондар; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы)
  • Тәжірибесі: 1 жылдын кем емес

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр