«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Павлодар магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Екібастұз электрмен жабдықтау дистанциясының 1 тобы учаскесінің бастығы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Қызмет көрсету шекараларында ЭЧС-4 электрмен жабдықтау ауданының жұмысына техникалық және шаруашылық басшылық жасау
- поездар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызмет көрсету шекараларында электрмен жабдықтау құрылғыларын түзу жай-күйде күтіп ұстау;
энергетикалық шаруашылық құрылғыларын ағымдағы күтіп-ұстауды, жөндеуді және нығайтуды уақтылы жүргізуді жоспарлау және ұйымдастыру; - қауіпсіздік техникасы және белгіленген технология қағидалары бойынша қызмет көрсетуші персоналға жұмыстар жүргізуге және нұсқама беруге нарядтарды ресімдеу;
- пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, электр қондырғыларының жай-күйін тұрақты бақылау;
- техникалық оқытуды және біліктілікті арттыруды ұйымдастыру, электротехникалық қондырғыларға қызмет көрсететін персоналға нұсқама беру және оның білімін мерзімді тексеру;
- теміржол көлігі кәсіпорындарының, бөгде және тұрмыстық тұтынушылардың электротехникалық қондырғыларын энергетикалық қадағалау.
Біліктілік талаптары:
Білімі
- Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi); орта-техникалық, орта-кәсіптік;
- Теміржол көлігіндегі электр энергетика; электр энергетика; Темір жолдардың электр техникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу; Электр станциясының, қосалқы станцияның және желілердің электр жабдығы; Салалар бойынша электр және электр механикалық жабдық; Электр және электр механикалық жабдығын техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу;
- Орта-техникалық, орта-кәсіптік – электр механик лауазымында 2 жылдан кем емес.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж