Қауіпсіздік департаментінің жетекші маманы
«Түркістан БГҚ» ЖШС Шымкент қ.Міндеттері:
-
Серіктестікпен шарттық қатынаста тұрған жеке және заңды тұлғалардың іскерлік беделін тексеру;
-
Салықтар мен бюджетке міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, сенімсіздік, жалған ақпарат беру фактілерін анықтау мақсатында контрагенттер мен басқа да қосалқы мердігер ұйымдарды зерттеу, бұл әрекеттерден Серіктестікке зиян келуі мүмкін жағдайларды болдырмау;
-
Серіктестіктің ішкі, экономикалық және ақпараттық қауіпсіздігін бұзуға жол бермеу және алдын алу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру;
-
Серіктестік қызметкерлері арасында жағымсыз оқиғаларға жол бермеу;
-
Жұмысқа қабылдау кезінде кандидаттарды тексеру және жұмысқа қабылдауға кедергі келтіретін мәліметтердің бар-жоғын анықтау;
-
Серіктестік аумағында, сондай-ақ Серіктестіктің, мердігер ұйымдардың және келушілердің тарапынан өткізу және ішкі нысандық режим талаптарының сақталуын бақылау;
-
Құрылыс алаңы мен кеңсенің күзетін қамтамасыз ету мәселелері бойынша күзет ұйымымен өзара іс-қимылды үйлестіру;
-
Серіктестіктің қауіпсіздігі мәселелері бойынша құқық қорғау және арнайы органдармен өзара әрекеттесу. Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде құқық қорғау органдарымен, сот оргаларымен, арнайы мемлекеттік органдармен хат алмасу және осы органдарда Серіктестіктің мүдделерін қорғау (құзыреті шеңберінде);
-
Құпия ақпараттың, коммерциялық, қызметтік және басқа да құпиялардың таралуының және жария етілуінің алдын алу;
-
Серіктестіктің қауіпсіздігіне қатысты мәселелер бойынша комиссиялардың, жұмыс топтарының жұмысына және келіссөздерге қатысу;
-
Серіктестік басшылығының тапсырмаларын орындау.
Біліктілік талаптары:
-
Жоғары кәсіби білім – заң немесе экономика саласында;
-
Кәсіби салада кемінде 3 (үш) жыл немесе құқық қорғау органдарында не қауіпсіздік қызметтерінде кемінде 5 жыл еңбек өтілі болуы;
-
Жұмысқа қабылданатын кандидаттар мен контрагенттерге қатысты сенімсіз ақпаратты анықтау үшін ақпараттық дерекқорлармен жұмыс істей білу;
-
Серіктестікте ішкі тергеу барысында қызметкерлерден түсініктемелер мен жазбаша түсіндірулер ала білу, тәртіптік теріс қылықтар және/немесе өзге де бұзушылық белгілерін анықтау бойынша сауалнама жүргізу;
-
Қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық, еңбек, салық, кеден және құрылыс заңнамасы бойынша білімге ие болу;
-
Қауіпсіздік мәселелері туындаған жағдайда, контрагенттермен келіссөздер жүргізе білу
Шарттар: