автослесарь-моторист
«Шардара су электр станциясы» АҚ Шардара қ.Міндеттері:
1) ЖҚЕ, ТҚЕ және ЕҚ және қолданыстағы нұсқаулықтарды берілген біліктілік разрядтары мен топтарының көлемінде білу;
2) күн тәртібін сақтауға, еңбек және өндірістік тәртіпті бұзуға жол бермеуге;
3) еңбектің озық әдістерін зерделеу, білімнің кәсіби деңгейін көтерумен үнемі айналысу. Жұмыста еңбек өнімділігі мен тиімділігінің жоғары болуына қол жеткізу;
4) ТҚЕ, ЖҚЕ, ӨҚЕ талаптарын және жұмыс орнындағы қауіпсіздік шараларын сақтауға;
5) жұмыс басталар алдында жұмыс процесінде қолданылатын қорғаныс құралдарының жарамдылығын тексеру;
6) жұмыс орнын таза ұстауға, Автогаражда және Автогараж аумағында тазалықты сақтауға;
7) Автогараж бастығына жеке өзi немесе басқа жұмыс iстеушiлер алған жарақаттың, уланудың, күйiктiң әрбiр жағдайы туралы, сондай-ақ тұтану немесе туындаған авариялық жағдай туралы хабарлауға мiндеттi.
8) жарамсыз немесе ақаулы құрылғыларды, жабдықтарты пайдаланбау;
Автослесарь жұмысының сипаттамасы:
1-разряд
- автомашиналар мен тракторлардың қарапайым бөлшектерін слесарлық өңдеу;
- кесу, пышақпен кесу, бөлшектерді егеу, жуу және майлау;
- автомашиналар мен тракторлардың күрделі емес тораптарын бөлшектеу, жөндеу және құрастыру;
- үлгілер, белгілеулер және шаблондар бойынша қарапайым слесарлық жұмыстар;
- 5-7 класс дәлдігі бойынша бөлшектерді слесарлық өңдеу.
2-разряд
- автомашиналар мен тракторлардың күрделі емес қосылыстары мен тораптарын техникалық тексеру, жөндеу, құрастыру және реттеу және анықталған ұсақ ақаулықтарды жою;
- қозғалтқыш агрегаттарын, жылдамдық қораптарын, артқы көпірлерді жөндеу;
- 3-4 класс дәлдігі бойынша бөлшектерді жою және жөндеу.
3-разряд
- автомашиналар мен тракторлардың күрделі емес қосылыстары мен тораптарын техникалық тексеру, жөндеу, құрастыру және реттеу және анықталған ұсақ ақаулықтарды жою;
- қозғалтқыш агрегаттарын, жылдамдық қораптарын жөндеу;
- 4-5 класс дәлдігі бойынша бөлшектерді жою және жөндеу.
4-разряд
- автомашиналар мен тракторлардың күрделі емес қосылыстары мен тораптарын техникалық тексеру, жөндеу, құрастыру және реттеу;
- автомашиналар мен тракторлардың агрегаттарын, тораптарын және электр жабдықтарын жөндеуге арналған ақаулық ведомостарын қамтамасыз ету;
- 2-3 класс дәлдігі бойынша жекелеген бөлшектерді жөндеу және жасау.
- автомобильдер мен тракторларды жалпы құрастыру;
- анықталған ақауларды жоя отырып, автомобильдерді тексеру және қозғалтқыш жұмысындағы ақауларды есту арқылы анықтау;
- жуғаннан кейін жауапты және күрделі бөлшектерді анықтау.
5-разряд
- автомашиналар мен тракторлардың ең жауапты агрегаттары мен қозғалтқыштарын техникалық тексеру, жөндеу, құрастыру және реттеу және сынау;
- 1-2 класс дәлдігі бойынша үлгілер, эскиздер және сызбалар бойынша күрделі және жауапты слесарлық жұмыстар;
- жалпы автомашиналарды жөндеуге ақаулық ведомостарын жасау;
- қабылдау-тапсыру құжаттарын ресімдеу;
- автомашиналарды жаттықтырудан кейін тапсыру.
Талаптары:
орта арнаулы білімі бар, жұмыс өтілі талап етілмейді. Жұмысқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мiндеттi алдын ала (жұмысқа қабылдау кезiнде) және мерзiмдiк медициналық тексеруден (тексеруден) өткен адамдар, сондай-ақ еңбектi қорғау және өрт қауiпсiздiгi мәселелерi бойынша оқудан және бiлiмiн тексеруден өткен адамдар жiберiледi.
Тестілеуден өту үшін ТҚЕ, ТПЕ, ӨҚЕ және жұмыс орнындағы қауіпсіздік шараларын білуі қажет.
Шарттары:
еңбек тәртібін, қауіпсіздік техникасын, еңбекті қорғау қағидалары мен нормаларын, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздікті сақтау, 5 күндік жұмыс аптасы, жұмыс кестесі 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Орташа)
- Орыс тілі (Орташа)
Ұқсас вакансиялар