«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі» филиалы материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші инженері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Бөлімше бойынша пайдалану қызметі бойынша шығындар элементтері бөлінісінде және бөлімше учаскелері бойынша сатып алу жоспарларын игеру мониторингі;
- әлеуетті өнім берушілермен тендерлік құжаттама жобасын алдын ала талқылау рәсімін жүргізу үшін тендерлік құжаттама жобасының веб-сайтында орналастыру;
- веб-сайтта тендерлік құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасын, сондай-ақ тендерлік құжаттаманың мәтінін орналастыру;
- тендер комиссиясының құрамын бекіту, тендер құжаттамасын бекіту, ашық тендер тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу туралы бұйрықты әзірлеу және келісу;
- тендерлік комиссияның ашық тендерге қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қарауын ұйымдастыру және өткізу;
- тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің әлеуетті өнім берушілерге уақтылы қайтарылуын бақылау;
- тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттарға қосымша келісімдер әзірлеу, келісу және жасасуды қамтамасыз ету.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Құқықтану; Экономика; Менеджмент; Маркетинг; Қаржы; Есеп және аудит; Құқықтану; Ақпараттық жүйелер; Көлік, көлік техникасы және технологиясы; Логистика; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша 2 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы