«Ембімұнайгаз» АҚ «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімінің техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 2 санатты инженері
«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Лауазымдық міндеттері:
- Ұйым бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын, сондай-ақ жұмыскерлерге еңбек жағдайларына байланысты белгіленген жеңілдіктер мен өтемақылардың берілуін бақылауды жүзеге асырады;
- Жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерттейді, қорғаныс техникасының, сақтандыру және блоктау құрылғыларының жетілдірілген құрылымдарын, сондай-ақ қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінен қорғайтын басқа да құралдарды әзірлеу мен енгізу бойынша ұсыныстар дайындайды және енгізеді;
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді (тәртіптерді, нұсқаулықтарды және стандарттарды) әзірлеуге қатысады және олармен ұйымның құрылымдық бөлімшелерін қамтамасыз етеді;
- Ғимараттардың, құрылыстардың, жабдықтардың, машиналар мен механизмдердің техникалық жай-күйін тексеруге, желдету жүйелерінің жұмыс тиімділігіне, санитарлық-техникалық құрылғылардың, санитарлық-тұрмыстық жайлардың, жұмыскерлердің ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарының жай-күйіне, олардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкестігін анықтауға бағытталған тексерулерге, зерттеулерге қатысады және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін немесе апатқа әкелуі мүмкін заң бұзушылықтар анықталған жағдайда тиісті шаралар қолданады;
- Цехтарда, учаскелерде және жұмыс орындарында машиналар мен жабдықтарды пайдалануды және жұмыстарды орындауды тоқтату бойынша шаралар қабылдайды;
- Ұйымның басқа бөлімшелерімен бірлесе отырып, жұмыс орындары мен өндірістік жабдықтардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігі бойынша аттестаттау және сертификаттау жұмыстарын жүргізеді;
- Кәсіби аурулардың және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, еңбек жағдайларын жақсарту және оларды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілермен көзделген талаптарға дейін жеткізу бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады және оларды орындауға ұйымдастырушылық көмек көрсетеді;
- Өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби ауруларды есепке алудың бірыңғай тәртібін (автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізу) орнату бойынша жұмыс жүргізеді;
- Қызмет көрсетуші бөлімшелермен жабдықтардың, машиналар мен механизмдердің жай-күйін сынақтан өткізу мен техникалық куәландырудың уақтылы жүргізілуін, қауіпті және зиянды өндірістік факторлар параметрлерін өлшеу кестелерінің сақталуын, мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының нұсқамаларының орындалуын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қолданыстағы нормалар мен ережелердің, нұсқаулықтар мен қауіпсіздік стандарттарының өндіріс процесінде, сондай-ақ жаңа және қайта жаңғыртылатын өндірістік нысандар жобаларында сақталуын бақылайды, оларды пайдалануға қабылдауға қатысады;
- Жұмыс берушінің қызметкерлерге олардың еңбек міндеттерін орындауына байланысты жарақат, кәсіби ауру немесе денсаулығына келтірілген өзге де зиян үшін өтемақы төлеу мәселесін қарауға қатысады;
- Міндетті медициналық тексеруден өтуі тиіс қызметкерлердің кәсіптері мен лауазымдарының тізімдерін, сондай-ақ ауыр, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары үшін заңнамаға сәйкес өтемақы мен жеңілдіктер берілетін кәсіптер мен лауазымдардың тізімдерін жасау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу және қайта қарау, еңбек қауіпсіздігі жүйесі стандарттарының стандарттарын әзірлеу, нұсқамаларды, оқытуды және білімін тексеруді ұйымдастыру мәселелері бойынша ұйым бөлімшелеріне әдістемелік көмек көрсетеді;
- Жұмысқа жаңадан қабылданғандармен, іссапармен келгендермен, өндірістік оқытуға немесе тәжірибеге келген оқушылармен және студенттермен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқама өткізеді;
- Ұжымдық шарттың «Еңбекті қорғау» бөліміне қатысады, өндірістік жарақаттану, кәсіби және өндірістік себепті аурулар жағдайларын тергеуге қатысады, олардың себептерін зерттейді, олардың алдын алуға бағытталған іс-шаралардың тиімділігін талдайды;
- Өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды ұйымдастырады;
- Арнайы киімнің, арнайы аяқ киім мен басқа да жеке қорғаныс құралдарының сақталуын, таратылуын, жуылуын, химиялық тазалануын, кептірілуін, шаңсыздандырылуын, майсыздандырылуын және жөнделуін, қорғаныс құралдарының жай-күйін, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау шараларын іске асыруға бөлінген қаражаттың ұйым бөлімшелерінде дұрыс жұмсалуын бақылайды;
- Белгіленген нысандар бойынша және белгіленген мерзімдерде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша есептілікті жасайды.
Талаптар:
Білімі (мамандық/біліктілік) : кадрларды даярлау бағыты бойынша сәйкес жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім
Қызмет бейіні бойынша жұмыс тәжірибесі: санатсыз еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау инженері лауазымында 3 жылдан кем емес
Басқарушылық тәжірибесі: талап етілмейді
ҚМГ компаниясы тобындағы/ мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан кем емес
Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті білім:
- Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекеттік тілді білу;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мұнай-газ саласындағы компания қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер мен құжаттар;
- «Жерасты қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің негіздерін және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы заңнамалық нормаларды білу;
- Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі;
- Еңбек қауіпсіздігі, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі стандарттары жүйесін білу;
- Өндірістік объектілерде қолданылатын жабдықтарды пайдаланудың ерекшеліктері, жабдықтардың техникалық жай-күйінің сәйкестігін бақылау қағидалары мен құралдары;
- Кен орындарында мұнай өндіру техникасы мен технологиясы;
- ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001, ISO 50001 және т.б. халықаралық стандарттардың негізгі талаптарына сәйкес интеграцияланған басқару жүйесі саласындағы білім.
Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті машық:
- MS Office (Word, Excel, PowerPoint, Outlook, Directum ЭҚЖ) бағдарламалық жасақтамасымен жұмыс істеу бойынша тәжірибелі пайдаланушы деңгейіндегі компьютерлік дағдылар;
- Кеңсе оргтехникасымен жұмыс істей білу;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу;
- Іскерлік қарым-қатынас этикасын білу;
- Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғаныс негіздерін, қағидаларын және нормаларын білу.
Жұмыс шарттары:
Жұмыс орны: «Жылыоймунайгаз» МГӨБ
Жұмыс кестесі – вахталық әдіс
Әлеуметтік пакет
Медициналық сақтандыру
Ұқсас вакансиялар
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС - «Ақтөбе ЖТ бөлімшесі» филиалы Қандыағаш локомотив пайдалану депосының өндірістік қауіпсіздік және экология секторының бастығы
ТЧЭ-5 КАНДЫАГАШСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 1 группы | Еңбекпен толық қамтылу
| Ақтөбе облысы
11.12.2025 | 170
472862 - 496680
Автокөлік шаруашылығы. Санаты жоқ/ 2-санатты/ 1-санатты еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер (№ 59-15-08э/3025 от 19.11.2025) - 1ед., г. Усть-Каменогорск
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
10.12.2025 | 288
Главный специалист (по охране здоровья) Управления промышленной безопасности и охраны труда
«Алматы электр станциялары» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
05.12.2025 | 1912