"Порт Құрық" ЖШС тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі менеджері (14 грейд)

от 400000
ТОО «Порт Курык» Құрық а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
27

Қаралған саны:
524

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Компанияның тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі құжаттарын әзірлеуді және өзектендіруді қоса алғанда, компанияның тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін енгізу және жетілдіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  • тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау, тәуекелдерге ден қою тәсілдерін таңдау, тәуекелдерді барынша азайту жөніндегі тиімді іс-шараларды айқындау, тәуекелдер тізілімін және картасын қалыптастыру (тәуекел иелерімен бірлесіп)мақсатында тәуекел иелерімен ақпарат алмасуды (сұхбаттасуды) жүзеге асыру;
  • тәуекелдерді басқарудың белгіленген процестерінен елеулі ауытқуларға мониторинг жүргізу және тұрақты негізде компанияның басқару органдарын хабардар ету;
  • өз құзыреті шегінде инвестициялық жоспарлау процесінің шеңберінде инвестициялық жобалардың тәуекелдерін талдау және бағалау бойынша қорытындылар мен ұсынымдар беру,
  • тәуекелді төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарымен бекітілген инвестициялық жобалардың орындалуын үйлестіру (қажет болған жағдайда).
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: экономика; менеджмент; Қаржы; мемлекеттік және жергілікті басқару; есеп және аудит; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; логистика; және / немесе теміржол мамандықтары
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр